ҚАРАҒАНДЫ
Аймақтар • 19 Маусым, 2025
Абай ауданында екі ауылға ауыз су құбырлары тартылады
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Ягодный және Садовое ауылдарына алғаш рет су құбырлары жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2025
Қарағанды облысында 22 инвестициялық жоба іске асырылады
Қарағанды облысында биыл үш шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы аяқталады. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеді. Аймақтар ірі кәсіпорындардың маңында орналасып, шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға, сондай-ақ инвестициялар тартуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Маусым, 2025
Қарағанды жүзушілері топ жарды
Қазақстан құрамасы Қытайда өткен Әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп, қанжығалары майланды. Әсіресе, Қарағанды облысының жүзушілері жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Маусым, 2025
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаға мерзімі өтіп кеткен дәрі берілген
Қарағанды қаласында 8 жастағы мүмкіндігі шектеулі балаға мерзімі өтіп кеткен дәрілік препарат берілгені белгілі болды. Бұл туралы баланың анасы мәлімдеп, сотқа жүгінуге ниетті екенін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2025
Қарағандыда 10 мыңға жуық үйге табиғи газ тартылады
Қарағандыда газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Жақын арада қалада 10 мыңға жуық жеке тұрғын үй табиғи газға қосылады. Жоба бірнеше кезеңмен іске асырылуда және әрбір кешен нақты аудандарды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Қарағандыда дәрігерлер соққыға жығылды
Қарағанды облысында дәрігерге жасалған кезекті қатыгездік елді елең еткізді. 12 маусым күні облыстық балалар ауруханасында 38 жастағы ер адамның екі дәрігерге күш қолданғаны туралы ақпарат ресми расталды. Қазір күдікті соттың санкциясымен екі айға қамауға алынған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Маусым, 2025
Қарағандыда ер адам дәрігерлерге күш көрсеткен
Қарағанды облысында медицина қызметкерлеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 12 Маусым, 2025
Қарағандыда жас кәсіпкерлерге қала әкімінің гранттары табысталды
Бүгін Қарағандыда жас кәсіпкерлерге қала әкімінің өз бизнес-жобаларын іске асыруға гранттар табысталуда, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 12 Маусым, 2025
Қарағандыда кремний қорытпасын өндіреді
Қарағанды облысында Karagandy Power Silicon кремний қорытпаларын шығаратын зауыт салынуда, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Маусым, 2025
Родников ауылында сүт фермасы салынып жатыр
Қарағанды облысы, Осакаров ауданының Родников ауылдық округінде Eurasia Invest компаниясы 6000 сиырға арналған заманауи сүт-тауар фермасын салып жатыр. Ферманың қуаты – жылына 70 мың тонна сүт өндіруге жетеді. Оның іске қосылуы 180 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 10 Маусым, 2025
«Ауыл аманаты»: бағдарлама ауыл тұрғындарының өмірін қалай өзгертуде
Президенттің бастамасымен іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы үшінші жыл қатарынан Қарағанды облысының ауыл тұрғындарына өз ісін дамытуға көмектесіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2025
Қарағандыда заманауи сүт-тауар фермасы салынады
Қарағанды облысының Осакаров ауданында 6000 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасының құрылысы басталды. Құны 30 млрд теңгеден асатын бұл ауқымды инвестициялық жоба – еліміздегі сүтті мал шаруашылығы саласындағы ең ірілерінің бірі, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Қарағанды облысында ірі өндірістің құрылысы басталды
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында алюминий және биметалл жылыту радиаторларын шығаратын жоғары технологиялық және экологиялық зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 03 Маусым, 2025
Шет ауданынан 25 тарихи орын табылды
Сарыарқа археологиялық институтының ғалымдары Шет ауданында іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. Олар 25 жаңа тарихи-мәдени мұра ескерткішін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 03 Маусым, 2025
Қарағанды-Астана жолы қайта жаңарады
Еліміздің көлік инфрақұрылымын және өңірлердің арасындағы байланысты дамыту мақсатында республикалық маңызы бар Қарағанды-Жезқазған автомобиль жолының 572 шақырымын ІІ техникалық санатта, екі жолақты етіп, жол жабынын жақсартып, заманауи қауіпсіздік талаптарына сай етіп салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Қарағандыда 40 жетім бала баспанаға ие болды
Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде 40 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға көптен күткен баспана берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Қарағандыда екі жасар баланы пойыз қағып кеткен
Қарағанды облысында екі жасар бала жүк пойызының астына түсіп, ауыр жарақат алған. Қазір бүлдіршін ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 31 Мамыр, 2025
Жылуға салынған инвестиция: Қарағандыда ЖЭО жабдықтары күрделі жөндеуден өткізілуде
Қарағандылық ЖЭО-1 мен ЖЭО-3-те жеті ай ішінде 26 негізгі жабдық жөнделуі тиіс, оның ішінде бес қазандық пен үш турбинаны күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жобалар жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және жабдықтарға жүктемені азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Қарағандылық боксшылар жеті медаль жеңіп алды
Бокстан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар төрт алтын, екі күміс және бір қола медальға ие болды. Азия бокс конфедерациясы мен Халықаралық бокс қауымдастығының қолдауымен жарыс Шри-Ланкада, Коломбо қаласында өтті.
Шаруашылық • 27 Мамыр, 2025
Қарағанды облысында шегірткемен күрес күшейтілді
Қарағанды облысында шегіртке қаупінің алдын алу мақсатында кешенді шаралар қолға алынды. 20 мамырдан бастап табын шегірткелерге қарсы егіс алқаптарына химиялық өңдеу жұмыстары басталды, ал 27 мамырда шоғырланып жүретін жәндіктерді жою жұмыстары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Қарағанды облысында ең жас полицей жолдағы қауіпсіздікке үлес қосып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Қазақстан армиясының даярлығы талқыланды
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен Қарағанды гарнизонында Қорғаныс министрлігі алқасының көшпелі отырысы өтті. Жиында 2024–2025 жылдардағы қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жазғы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Елімізде қала сыртындағы жолдарда апат 8 пайызға азайған
Ішкі істер министрлігі жол апаттарында зардап шеккендердің саны төмендегенін мәлімдеп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
Қарағандыда жұмыссыздар азайып келеді
Аймақта жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, өткен жылдың соңында өңірде NEET санатында 9 637 адам болса, бүгінгі таңда – 8 383. Дерекқорды өзектендіру және жұмыссыз жастарды анықтау жұмыстары жалғасуда.
Спорт • 25 Сәуір, 2025
Параатлетшілер халықаралық бочча турнирінде екі медаль алды
Қарағандылық Анастасия Кутурман Бахрейнде өткен Manama 2025 World Boccia Challenger халықаралық рейтингтік турнирінен қола медальмен оралды. Қазақстандықтар барлығы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Сәуір, 2025
Қарағандылық отбасы өздері асырап алған балаларды азаптап келген
Қарағандыда жетімдер үйінен 6 бала асырап алып, қызын күң, ұлын құл қылған отбасы сотқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 23 Сәуір, 2025
Қарағандылықтар саябақтар мен аулаларды көгалдандырды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының іске қосылғанына бір жыл толды. Қарағанды облысының тұрғындары тазалық пен көгалдандырудың республикалық челленджін белсенді қолдап келеді. Өңірде жаппай ағаш егу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2025
Қарағандыда жоғары лауазымды полиция қызметкері қаза тапты
Қарағанды қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Құсайынов қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Қарағанды маңындағы тас жолда екі адам қаза тапты
Сәуірдің 18-і күні таңертең Алматы-Қарағанды тас жолында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 15 Сәуір, 2025
Ұлан оркестрі Жеңістің мерейтойына орай концерт өткізді
«Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы аясында аталған мерейтойға орай Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің оркестрі Қарағандыда концерт өткізді, деп жазады Egemen.kz.