Қара
Оқиға • 27 Ақпан, 2024
Түрмедегі төбелес. Қатаң режимдегі колонияда сотталушы көз жұмды
Қарағанды облысы, Абай ауданындағы №29 қатаң режимдегі түзеу колониясында сотталушы қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Ақпан, 2024
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Азамат Айтбайұлы Тайжанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2024
Жалақыдан жымқырған. 15 млн теңгені қолды еткен әкімдік қызметкерлері анықталды
Целиноград ауданының прокуратурасы Қараөткел ауыл әкімдігінің лауазымды қызметкерлері 3 жыл бойы бюджет қаражатын заңсыз иеленіп келгенін анықтады. Олар әкімдік қызметкерлеріне тиесілі 15 млн теңгені өзара бөліскен, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2024
Қарағандыда машина жасау зауытынан өрт шықты
Қарағандыда машина жасау зауыты өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2024
Арнайы құрылғы арқылы әйнектерін қараңғылаған көліктер анықталады
Алматылық патрульдік полиция қызметкерлері пилоттық нұсқада көлік әйнектерінің тонировкасын өлшеуге арналған көліктердің әйнектерінің тонировкасы үшін жарық өткізгіштік өлшегішін (жол қозғалысы қауіпсіздігін техникалық бақылау құралы) іс жүзінде қолданып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Ақпан, 2024
Қарқаралыда өрттен төрт бала қаза тапты
Кеше кешкілік Қарқаралы ауданы Талды ауылындағы жеке үй өртке оранған. Өкінішке қарай, төрт кішкентай бала қаза тапты.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2024
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қар көшкіні түсті. Зардап шеккендер туралы дерек жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2024
Қарағанды облысында бірнеше ауыл карантинге жабылды
Қарағанды облысында бірден төрт елді мекен карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан каратэшісі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды
Кипрдің Ларнака қаласында WKF каратэден Karate1 Series A халықаралық турнирі аяқталды. Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Gracia Fair Cup: 2 көркем гимнаст қоржынға 4 алтын салды
Мажарстанның бас қаласы Будапештте өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2024
«New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінде Әнұранымыз шырқалды
Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымының ашылуында Қазақстан дизайнерінің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, қазақ әншісі өнер көрсетті.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам»: Балалар өмірді бейнеледі
Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» қоғамдық маңызды жоба басталды. Бастамашы топ қоғамды алаңдатып отырған түйткілді мәселенің алдын алу мақсатында республикалық балалар суреттерінің байқауын ұйымдастырды. Алты айға созылатын іс-шара аясында іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар Аустрияның астанасы Вена және Алматы қаласында өтетін көрмеге қойылады.
Үкімет • 14 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы Қарағанды облысының өндірістік кәсіпорындарын аралады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар негізгі өндірістік кәсіпорынды аралады, сондай-ақ өнеркәсіп секторының өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Астанада алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
«ITTF fa20 Astana para open 2024» халықаралық турниріне 19 елден 150-дей пара спортшы қатысады. Аталған байрақты бәсеке наурыз айының 1-3 күндері аралығында «add Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2024
TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне 8 мыңға жуық Қазақстан педагогі қатысады
Ақпанның 12-сі мен наурыздың 20-сы аралығында 50-ден астам елдің қатысуымен TALIS-2024 төртінші циклі өтеді. Оған Қазақстанның 378 мектебінің 8000-ға жуық мұғалімдері мен директорлары қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Ақпан, 2024
ҚР Көлік министрі тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Қарабаев ҚР Көлік министрі лауазымында қалып, қызметін әрі қарай жалғастырады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Ақпан, 2024
«Пара алудың қылмыстық схемасын құрастырған». «Ертіс орманы» басшысы қамауға алынды
Павлодар облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ертіс орманы» басшысы пара алды деген күдікке ілінгененін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2024
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті жазасыз қалмайды - ІІМ
Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға шыққан күдікті Нұрболат Дәкебаев жазасыз қалмай жауапқа тартылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен жиынында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
Қарағанды облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім қамауға алынды
Бұқар жырау ауданындағы Мұстафин атындағы ауылдың әкімі мас күйінде көлік жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2024
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Egemen.kz Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге жәрдемдесу туралы Меморандумға қол қойылды
Алтыншы жыл сайынғы «Digital Almaty 2024: Х Индустриясы – Болашақтың цифрлық эволюциясы» халықаралық форумының алаңында Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) атқарушы дирекциясы мен Freedom Holding Corp. арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 02 Ақпан, 2024
Михаил Мишустин аралас салаларда ынтымақтастыққа шақырды
Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин ЕАЭО-дағы әріптестерін өздерінің және бірлескен цифрлық платформаларын дамытуға, сондай-ақ аралас салаларда ынтымақтастыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 02 Ақпан, 2024
Мәжілісте Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына арналған жиын өтті
Бүгін Парламент Мәжілісінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына арналған жиын өтті. Тағылымды кездесуге елімізге еңбегі сіңген қайраткер-тұлғалар, Қаратай Тұрысұлымен үзеңгілес, әріптес болған азаматтар, аяулы жары мен жақындары, Сенат пен Мәжіліс депутаттары және Үкімет мүшелері қатысты.
Оқиға • 30 Қаңтар, 2024
Қарағанды облысында жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Қарағанды облысына қарасты Ботақара кентінде 12 пәтерлі үйде жарылыс болып, 2 адам қаза тапқан еді. Аудан әкімі зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2024
Қарағанды облысындағы жарылыс: Үйінді астынан 2 адамның мәйіті табылды
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында екі қабатты үйде жарылыс болды. Құтқару жұмыстары толығымен аяқталды. Үйінді астынан 2 адамның мәйіті мен жарақат алған 5 адам шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2024
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды
Қарағанды қаласы Майқұдық ауданында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Видеоға құзырлы органдар да назар аударып, істі ерекше бақылауға алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Қарағандылық полицейлер есірткі дилерін ұстады
Қарағандылық полицейлер өзге облыстан қала орталығына келіп, есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
«Бір уыс топырақ»: Жеңіске үш ай қалғанда қаза тапқан жауынгер
Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі мен Қарағанды облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті тарапынан екінші дүниежүзілік соғысының жауынгері Қалхай Сармантаевтың «Ерлігі үшін» медалі, қасығы, ұштағышы және жерленген зиратынан бір уыс топырақ оның немерелері Бірлік пен Серік Қалқаевқа берілді. Аталған облыс тумасы 1943 жылы майданға аттанып, 2-ші Балтық майданы 288-ші Днов атқыштар дивизиясының 1014-ші атқыштар полкінде атқыш болған, деп жазады Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2024
Тепловоз бен автокөлік соқтығысты. Екі адам жан тапсырды
Қарағандыда қаңтардың 21-і күні таңертеңгі уақытта автокөлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасына себепкер болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2024
Түркі мемлекеттері Бас консулдарының жиыны өтті
19 қаңтарда Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен Бас консулдардың бейресми кездесуі ұйымдастырылып, оған Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев, Түркия Сыртқы істер министрлігінің Ыстанбұлдағы өкілдігінің басшысы Елші Айше Сөзен Услуер, Түркі инвестиция қорының басшысы Бағдат Амреев, Әзербайжанның Бас консулы Нармина Мустафаева, Қырғызстанның Бас консулы Лира Сыдыкова, Мажарстанның Бас консулы Др Атилла Пинтер, Туркіменстанның Бас консулы Мухамметнур Овезов, Қазақстанның Бас консулы Нуриддин Аманқұл қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.