аз
Тағайындау • 16 Шілде, 2025
БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды
ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Мирас Мүлкәй тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Шілде, 2025
Премьер-министр жапон губернаторымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесу өткізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ гуманитарлық бастамалар мен жаһандық қауіпсіздікті нығайту жолында бірлесе күш жұмылдыру жайын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
29 гидротехникалық нысан жан-жақты зерттеліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Шілде, 2025
Қазақстан экспорттайтын астық көлемі артқан
Елімізден экспортталатын астық көлемі 58,4%-ға артқан. Бұл оң көрсеткіш қазақстандық астықтың сыртқы нарықта жоғарғы сұранысқа ие екенін аңғартып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 16 Шілде, 2025
Қытаймен стратегиялық серіктестік нығаяды
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Қытайға сапары аясында Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Шілде, 2025
Астана алдағы 10 жылда қалай өзгереді?
Астанада қала әкімі Жеңіс Қасымбектің, Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың, өңірлік әкімдіктер мен урбанистика саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен семинар-кездесу өтті. Жиында елорданың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері сараланып, 2035 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Шілде, 2025
Жаңбыр, бұршақ, жел: Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 16 өңірінде 16 шілде күні ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді. Бірқатар аймақтарда найзағай, бұршақ, күшті жел мен аптап ыстық күтіледі.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Министр лауазымды қызметке тағайындалды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) директорлар үйлестіру комитетінің құрамына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Жазғы Универсиадаға 76 студент-спортшы қатысады
ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада – осы айдың 16-27 күндері аралығында Германияның Рейн-Рур аймағында, нақтылағанда Берлин, Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм қалаларында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 15 Шілде, 2025
Қазақ балуандары Азия бәсекесінде 12 медаль алды
Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен 20-ға дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақ балуандары 12 жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Жол құрылысы мен сапасы үнемі назарда - Олжас Бектенов
Бүгін Үкімет отырысынан кейін премьер-министр Олжас Бектенов баспасөз жиынына қатысып БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп жатыр. Жиында журналистер Үкімет басшысынан жол құрылысы мен сапасы туралы сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Шілде, 2025
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгені құрады
Бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік борыштың қазіргі жағдайы және оны басқару жөніндегі шаралар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Шілде, 2025
Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Шілде, 2025
Қазақстанда +42 градусқа дейін ыстық болады: синоптиктер ескерту жасады
Синоптиктер 15 шілдеде елордада, Алматыда, Шымкентте және еліміздің 17 облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Өздерін комитет қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардан сақ болыңыз - ҰҚК
Қазақстанда алаяқтардың жаңа түрі белең алып келеді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз атынан заңсыз әрекет етіп жүрген белгісіз тұлғаларға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Конституция күніне орай қазақстандықтар 1 қыркүйекте демалады
Қазақстандықтар биыл Конституция күніне орай қосымша бір күн демалады. 30 тамыз – Конституция күні сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 2025 жылғы 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 14 Шілде, 2025
Жасы 18-ге толған әр азаматтың әскерге барып, Отанға адал қызмет етуі – азаматтық парызы. Бұл орайда, Қонаев қаласының жастары аса белсенділік танытып келеді. Жуырда қалада өткен «Aspan Fest» ашық аспан астындағы концерт барысында Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков ҚР ҚК-де мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарған қала жастарына шаһар басшысының Алғыс хаттарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Шілде, 2025
Келер жылы 1 миллионнан астам адам МӘМС-пен қамтылады
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру бағытында маңызды заң қабылданды. Бұл заң халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын, әсіресе әл-ауқат деңгейі дағдарыстық және шұғыл жағдайда тұрған азаматтарды медициналық көмекпен қамтуды кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Шілде, 2025
Медициналық қызмет сапасына бақылау күшейтіледі
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа заң қабылданып, денсаулық сақтау саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктері айтарлықтай күшейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Шілде, 2025
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 15, 16 және 17 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Шілде, 2025
Атырауда 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлады
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 13 шілдеде тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Шілде, 2025
Қазақстандық оқушылар IChO-2025 олимпиадасында топ жарды
Қазақстандық оқушылар тағы бір мәрте әлемдік білім аренасында оза шауып, еліміздің мәртебесін асқақтатты. 5–14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Халықаралық химия олимпиадасында (International Chemistry Olympiad, IChO-2025) Қазақстан ұлттық құрамасының барлық мүшесі жүлдегер атанды. Олардың екеуі – алтын медаль иегерлері, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Серік Егізбаев егіншілермен кездесті
Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы саласындағы қазіргі жағдаймен және егін науқанының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Шілде, 2025
Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді
Сүйінші жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. 10–13 шілде аралығында Беларусь Республикасында «Витебскідегі Славян базары» XXXIV Халықаралық өнер фестивалінде ел намысын Алмагүл Батталиева қорғады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
«Қазсушардың» Жамбылдағы филиалы жаңа техникалармен толықты
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облысындағы филиалына 51 жаңа арнайы техника берді. Филиалға барлығы 75 техника бөлінген, қалған 24-і жыл соңына дейін жеткізілмек. Техника паркі толықтырылғанға дейін филиалда 64 жабдық болған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 11 Шілде, 2025
Астанада ана тілін насихаттайтын фотоаймақтар ашылды
Елордада қазақ тілін визуалды кеңістікте заманауи, тартымды әрі қолжетімді форматта ұсыну мақсатында арнайы фотоаймақтар орнатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Жазғы лагерьдің жауапкершілігі жоғары
Жаз мезгілі – балалар үшін асыға күтетін демалыс кезеңі. Мектептің соңғы қоңырауы соғылған сәттен бастап олардың көбі ауылға ата-әжесінің қолына барады, кейбірі қосымша табыс табуға тырысады, ал біразы жазғы лагерьлерде демалуды жөн көреді. Бірақ бұл кезең ата-аналар үшін демалыс емес. Керісінше, баласының қауіпсіздігі мен пайдалы тынығуы үшін алаңдайтын, жауапкершілігі күшейетін уақыт. Осы орайда еліміздегі балалар лагерьлерінің жай-жапсары, қолжетімділігі және сапасы қоғам назарындағы маңызды мәселенің бірі болып отыр.
Ауа райы • 11 Шілде, 2025
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
12–14 шілде аралығында ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, сонымен қатар дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Шілде, 2025
Қазақстан өмір сүру деңгейін қалай көтеріп жатыр
Кедейшілікпен күресу үшін тікелей ақшалай төлемдерге сүйенетін көптеген дамушы экономикалардан айырмашылығы, Қазақстан жұмыс орындарын құруға және еңбек нарығына кірігуге баса назар аударады. Британдық Global Banking & Finance Review басылымы еліміздегі өмір сүру деңгейі туралы мақаласында осылай ой түйген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Ұлан сарбаздары 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстаған
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің қатысуымен 828 грамм есірткі заты табылған және заңсыз айналымнан 173 дана суық және атыс қаруы, оқ-дәрі тәркіленген. Бұл – осы жылдың алғашқы алты айы бойынша мәлімет, деп жазады Egemen.kz.