АҚ
Үкімет • 10 Сәуір, 2024
Су тасқыны: вице-премьер Қобда ауданын аралады
Ақтөбе облысының Қобда аудан орталығында 1 530-дан астам үй бар. Мұнда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланған. Ауылдағы 279 үй мен 10 әкімшілік мекеме су астында қалды, арасында мектеп, спорт кешені, дүкендер бар, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 10 Сәуір, 2024
Оңтүстік Кореяда жерлесіміз қайтыс болды
Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Сәуір, 2024
ТҮРКСОЙ ұйымы зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Сәуір, 2024
Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, сәрсенбі, 10 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 10 Сәуір, 2024
Әнші Димаш Құдайберген тасқыннан зардап шеккен туған жеріне 15 миллион теңге аударды
Әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 09 Сәуір, 2024
Сүйген жар жау болмайды: Танымал айтыскерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ән шырқады
Танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге жыр арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2024
«Қазгидромет» тәулік бойы жұмыс режиміне көшті
2024 жылғы 8 сәуірден бастап су тасқыны қаупінің жоғары болуына байланысты Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің гидрологиялық және ілеспе департаменттері тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысы мен Қостанай қаласына Қырғызстаннан гуманитарлық көмек жетті
ТЖМ вице-министрі Серік Төленбергенов бастаған ведомство өкілдері Қырғыз елінен келген гуманитарлық көмекті күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысында зардап шеккен ауыл тұрғындары аудан орталығына көшіріледі
Су тасқыны салдарынан үйсіз қалған Ойыл ауданы Екпетал ауылының тұрғындары үшін аудан орталығында жаңа баспана салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Сәуір, 2024
«Ақжайық» қоры 80 млн теңге қаражат жинады
Батыс Қазақстан облысында тасқын су зардабын жою мақсатында өңірдің үкіметтік емес ұйымдары, соның ішінде «Батыс Қазақстан облыстық азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ақжайық» қоры арқылы қаражат жинай бастаған еді. Алғашқы он күн ішінде 80 815 939,1 теңге жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Сәуір, 2024
Елімізде жаңа кәсіби мерекелер атап өтіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгеріс енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Қазақстан мен Ресейге қатысты фейк ақпарат жиілеп кетті - СІМ ресми өкілі
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Ресейге қатысты фейк ақпараттар жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Сәуір, 2024
Бауырлас елдер Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатыр
Бірнеше апта бойы халықты қыспаққа алған су тасқынының беті әлі де қайтар емес. Кей өңірлерде қарғын судың екінші легі күтіліп отыр. Тұрғындар тек баспанасынан ғана емес, күн тыныштығынан да айырылды. Ал құтқарушылар мен жағдайға бей-жай қарамаған еріктілер күн-түн демей қолынан келгенше көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 08 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды
Бүгін, 8 сәуірде еліміздің жастар ресурстық орталықтары мен ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылады және оның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Қарғын суға қарсы іс-әрекеттен краншы-зейнеткер тыс қалмады
Ақтөбелік краншы-зейнеткер Шыңғыстау Әбдиев туып-өскен өңірінің жағдайына бей-жай қарамай, қол ұшын созды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Сәуір, 2024
Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мемлекет басшысына өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Тағы бір өңірде төтенше жағдай жарияланды
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы әкімдік Facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Бұл туралы «МАЭК» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz «МАЭК» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Батыста зардап шеккен 481 отбасы біржолғы төлем алды
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 481 отбасына 89 млн теңгеге біржолғы төлем аударылды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Еңбекмині су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні рас па?
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су тасқынынан зардап шеккендерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан өтемақы төленетіні туралы хабарлама тарап жүр. Ведомство өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Сәуір, 2024
Президент су тасқынынан зардап шеккен облыс әкімдерінің есебін тыңдады
Қарғын судан зардап шеккен облыстардың әкімдері Президентке қазіргі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою мақсатында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Қанат Сейдгапбаров қызметінен босаталды
Мемлекет басшысы тиісті өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 07 Сәуір, 2024
Ақтөбеліктер материалдық шығындарына байланысты 300-ден астам өтініш берді
Облыс бойынша 94 зардап шеккен тұрғынға 28 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер төленді. Жалпы 7 сәуірдегі жағдай бойынша біржолғы төлемді алуға 346 отбасы ниет білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Жаңаөзеннің арнайы жасақталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды
Құлсары қаласында болған су басулардың салдарын жою мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы техникамен жабдықталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Сәуір, 2024
Бөгеттер тасқынға төтеп бере алмады
Ақтөбе облысы аумағындағы өзендер бойындағы 206 гидротехникалық құрылғы әбден тозған, стратегиялық нысандардың көбі шаруа қожалықтарының иелігіне өтіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2024
Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен оның қолданылу аясы Қазақстанда ұдайы назар аударылып отырған мәселе. Тіл - бұл тек қана араласу құралы емес, сонымен қатар ұлттық мәдениеттің, дәстүрдің және тарихтың бір бөлігі. Сондықтан мемлекеттік тілдің дамуына және оның барлық салаларда қолданылуына қоғамның назарын аудару өте маңызды.
Заң • 06 Сәуір, 2024
Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының екі ел аумақтарында болуы туралы заңға қол қойылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге енгізілген өзгерістер туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан халқына алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Белгілі журналист Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа ақпарат ұсынды, деп жазады Egemen.kz.