ыс
Ауа райы • 31 Шілде, 2025
Аптап ыстық, бұршақ: ел аумағында дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 1 тамызда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 31 Шілде, 2025
Қызылордада тазалық тәртібін бұзғандарға 60 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Қызылорда полицейлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 7700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартты, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 31 Шілде, 2025
Жетісуда 17,5 шақырым арық желісі салынады
Жетісу облысында биыл жалпы ұзындығы 17,5 шақырымды құрайтын арық желілерін жабдықтау жоспарланған. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Олжас Бектенов Түркістан облысында сумен тұрақты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Олжас Бектенов Қызылорда облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Президенттің аграрлық секторға су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді және өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымының жай-күйімен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Шілде, 2025
Президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Премьер-министр Түркістан облысындағы су саласының негізгі нысандарын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов аталған аймаққа жұмыс сапары барысында су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 31 Шілде, 2025
Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кеткен
Атырау облысында 2025 жылдың басынан бері 8 адам суға кетіп, мерт болған Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қайғылы жағдайлардың үшеуі – балаларға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Жамбыл облысында ресейлік байкерге шабуыл жасаған ер адам сотталды
2024 жылғы сәуірде Жамбыл облысында жанармай бекетінде ресейлік мотоцикл жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Салық реформасы құрылыс нарығын қалай өзгертеді?
Жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін ірі құрылыс компанияларының бизнесті бірнеше бөлікке бөліп, салық жүктемесін азайту арқылы қосымша табыс табуы тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Қызылорда облысында 200-ден астам адамға рақымшылық жасалады
Қызылорда облысында ер адам жазасының аяқталуына бес ай қалғанда бостандыққа шықты. Бұл Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия туралы заң аясында жүзеге асырылған шаралардың бірі. Алғашқы сотталғандар Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемеден босатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Шілде, 2025
Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Абай облысының шаруаларына 47,2 млн текше метр су берілді
«Қазсушар» РМК жергілікті филиалы шаруа қожалықтарымен суармалы су беру бойынша 355 келісімшарт жасасты. Аймақта «Қазсушар» филиалының су шаруашылығы нысандары Үржар, Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандарында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Шілде, 2025
Енді такси қызметін пайдаланғандарға кэшбек қайтарылады
Ел азаматтары такси қызметін пайдаланғаны үшін 2%-ға дейін кэшбэк алып, бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Бұл туралы салық мәліметтері операторы «Бухта» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Түркістан облысында ауылдар сапалы ауыз сумен қамтылады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған заңсыз активтер әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталып отыр. Түркістан облысында бұл қаражат ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Шілде, 2025
Жоғалған экипажды табу үшін бар күшімізді саламыз - Қорғаныс министрі
ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов 25 шілдеде жоғалып кеткен Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Іздестіру операциясы Сорбұлақ көлінде жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Түркістан облысында диқандар мақтаның орнына күріш еккен
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі Түркістан облысында «Қазсушар» филиалының келісімінсіз ылғалды көп қажет ететін дақылдарға көшудің 203 дерегі анықталғанын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Шілде, 2025
Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен елімізде 14 820 шетелдік еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам зардап шекті
Жамбыл облысында болған атыс салдарынан төрт адам жараланған. Олар 29 шілде күні кешкі сағат 21:30 шамасында Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Шілде, 2025
700-ден астам мектеп кітапханасы жөнделеді
Шағын қалалар мен аудан орталықтарында және елді-мекендерде 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Шілде, 2025
IT-технологияларды Түркиямен бірге дамыту мәселесіне айрықша мән берілді
Мемлекет басшысы Түркияның қорғаныс және әскери-техникалық бағыттағы зор жетістіктеріне назар аударып, Режеп Тайип Ердоғанды жақында IDEF 2025 халықаралық қорғаныс-өнеркәсіп көрмесінің сәтті өтуімен құттықтады.
Экономика • 29 Шілде, 2025
Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады
Ақтөбе облысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге арналған жаңа көлік-логистика хабы құрылады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Шілде, 2025
Биыл Қостанай облысында 20 мың жұмыс орны ашылады
Бүгінгі Үкімет отырысында Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі халықты жұмыспен қамту бағытында жасалған жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Шілде, 2025
Аграрлық секторда 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин аграрлық секторда жұмыс орнын арттыру бойынша атқарылып жатқан шараларды баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Шілде, 2025
Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады
30 тамыз күні еліміздің Ата Заңының қабылданғаны 30 жыл толады. Мемлекеттік мерекеге орай 5 күн жұмыс істейтін азаматтарға қосымша 1 күн демалыс беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 29 Шілде, 2025
Жұмыссыздық азайып, еңбек нарығы кеңейіп келеді
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысына сәйкес елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,6% мөлшерінде сақталып отыр. Бұл – еңбек нарығындағы тұрақтылықтың көрсеткіші. Жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 9,2 миллионға жетсе, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер 7,1 миллионды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2,1 миллион адамды құрап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 28 Шілде, 2025
Салық қызметкері жауапқа тартылды
Жамбыл облысында салық органының қызметкері жауапқы тартылды , деп хабарлайды Egemen.kz. Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Шілде, 2025
48 орталық және жергілікті атқарушы органның ашықтық деңгейі бағаланды
Биылғы алғашқы жартыжылдықта Қазақстанда мемлекет пен азаматтар арасындағы кері байланыс тетіктері қарқынды дамуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 28 Шілде, 2025
SARBAZ+ пилоттық жобасы іске қосылады
Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып жатқан жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің SARBAZ+ пилоттық жобасы – заманауи технологияларды күнделікті әскер өміріне кіріктіруге бағытталып, әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттырады. Осы күзде Алматы облысында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде 150 әскерге шақырылушы жаңа үлгі бойынша қызмет атқара бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 28 Шілде, 2025
Су саласы мамандарының жалақысы 50 пайызға артты
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов су шаруашылығы саласы мамандарының әлеуетін арттыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.