АҚ
Туризм • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Германия туризм саласындағы серіктестікті кеңейтеді
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Германияның Туристік қауымдастығы (DRV) делегациясымен және ірі неміс туроператорларының өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда екі ел арасындағы туризм саласындағы ықпалдастықтың келешегі мен бірлескен бастамалар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Мүгедектікті сырттай куәландыру бюрократиялық кедергілерді азайтқан
2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу жобасы жалғасып келеді. Жаңа формат қазірдің өзінде азаматтарға қолайлы жағдай жасап, артық қағазбастылықты жойып, қызмет көрсетудің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 03 Қыркүйек, 2025
Жас футболшылар Англияға қарсы ойнайды
Футболдан 2027 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі жалғасуда. 8 қыркүйекте Ақтөбеде Қазақстан құрамасы Англияны қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Елордада заң үстемдігі мен демократия мәселелері талқыланды
Елордада «Қазақстан Республикасының Конституциясы: 30 жыл мемлекеттіліктің, ел егемендігінің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілі» атауымен дөңгелек үстел өтті. Айтулы мереке қарсаңындағы жиында заң үстемдігін дамыту, сот төрелігі жүйесін жетілдіру және демократиялық институттарды нығайту мәселелері талқыланды. Басқосуды Қазақстан халық партиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Қыркүйек, 2025
Отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен кіре алады
Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялады. Енді отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен ғана, шетелдік паспортсыз әрі визасыз кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Депутат Түркістан облысындағы ауыз су және кәріз мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсаин Нағаспаевқа депутаттық сауал жолдады. Ол Түркістан облысының бірқатар аудандарында инфрақұрылым мен сапалы ауыз су тапшылығы әлі күнге дейін өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Армения көші-қон саласында әріптестікті күшейтті
Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасында 2024 жылғы 15 сәуірде Ереванда қол қойылған көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжат екі елдің құзырлы органдары арасындағы өзара іс-қимылды реттеп, көші-қон саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қыркүйек, 2025
Олжас Нұралдинов Мәжіліс депутаты болды
Мәжілістің алғашқы пленарлық отырысында «Ақ жол» партиясынан жаңа депутат тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 03 Қыркүйек, 2025
Трамп өзінің өлімі туралы қауесеттен кейін ел алдына шықты
АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше аптаға созылған үнсіздіктен кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты. Кейінгі уақытта оның денсаулығы нашарлағаны, тіпті қайтыс болғаны туралы түрлі қауесеттер тараған еді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2025
Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қаза тапты
Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда несие алу тәртібіне жаңа талаптар енгізілді
Қазақстанда ірі көлемдегі несиеге өтініш берген қарыз алушыларға шешімін қайта қарастыруға қосымша уақыт беріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Қыркүйек, 2025
АҚШ визасы қазан айынан бастап қымбаттауы мүмкін
АҚШ билігі 1 қазаннан бастап жаңа visa integrity fee деп аталатын қосымша алым енгізуі мүмкін. Егер бұл өзгеріс күшіне енсе, туристік, студенттік, жұмыс және басқа да иммиграциялық емес визалардың бағасы қазіргідей 185 доллар емес, 435 доллар болады, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 02 Қыркүйек, 2025
Биыл өндірісте жарақат алғандар саны 11%-ға төмендеді
Қазақстанда азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында мемлекеттік бақылау жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекциясы 3 514 тексеру ұйымдастырып, 4 132 құқық бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде 2 287 нұсқама беріліп, 277 млн теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 02 Қыркүйек, 2025
Алматыға келген америкалық дәрігерлер 10 науқасқа күрделі ота жасады
Алматыда америкалық және қазақстандық хирургтардың бірлескен гуманитарлық миссиясы өтті. Әлемдік деңгейдегі мамандар бірнеше күн ішінде бет пен мойын аймағындағы күрделі патологияларға ота жасап, жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Президент Сян Вэньбоны қабылдады
Мемлекет басшысы мен Sany Group Co. Ltd. корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбо әңгімелесу барысында «жасыл» энергетика, машина жасау салаларында бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық технологиялар бойынша серіктестік орнату мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
Әлеуметтік осал жандардың атынан заңсыз несие рәсімдеген топ ұсталды
Ақмола облысында әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды алдап, олардың атына заңсыз несиелер рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды
Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kz сайтында өте алады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Тоқаев пен Цзинь Лицюн стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнмен кездесті. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Цзинь Лицюн Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы жөнінде пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінде 70-тен аса құжатқа қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен өткен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы қорытындыланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Тоқаев: Alatau City – өңірлік технологиялық орталыққа айналады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Жасанды ителлект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құру бастамасын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстан арқылы өтетін «Қытай – Еуропа» транзит дәлізінің әлеуеті артады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды. Іскерлік кеңесте Мемлекет басшысы Қазақстан арқылы өтетін «Қытай – Еуропа» транзит дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Қытай энергетикалық әріптестікті жаңа деңгейге шығарады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қытай бизнесінің өкілдері елімізден сенімді серіктестер таба алады - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысында сөз сөйлеп, қаржы секторындағы қазақ-қытай іскерлік байланысын нығайтуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өседі
Қазақстанда су шаруашылығы саласының мамандарына төленетін жалақы өседі. Бұл өзгерістер «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген түзетулер негізінде жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Президент: «Қытай – Қазақстанның тағдыр қосқан тату көршісі»
Президент Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 01 Қыркүйек, 2025
«Келешек мектептері» жобасы аясында Ақтауда жаңа мектеп ашылды
Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Ақтау қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа заманауи мектеп пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Тамыз, 2025
Қазақстанда 2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі
Қазақстанда 2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 31 Тамыз, 2025
Кәсіпкерлерге ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру қиынырақ болады
Қазақстанда кәсіпкерлердің банк шоттарындағы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру ережелері өзгереді. Тиісті қаулыны Ұлттық банк пен ҚНДРА қабылдауды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 30 Тамыз, 2025
Тоқаев: Қазақ-Қытай қатынастары сенімге негізделген
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында қазақ-қытай қатынастарының басты іргетасы – өзара сенім екенін баса айтты, деп жазады Egemen.kz.