ыс
Денсаулық • 17 Шілде, 2025
Ақтауда 5 жасар қыз бассейнге құлап, жансақтау бөліміне түсті
Оқиға бірер күн бұрын демалыс базаларының бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Шілде, 2025
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болып, жаңбыр, бұршақ жауады, жел соғып, найзағай ойнайды деп болжап отыр, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Шілде, 2025
Жылқымен сүйреген: Жетісуда күйеуі 32 жастағы әйелін қатыгездікпен өлтірген
Жетісу облысында ер адам әйелін қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Шілде, 2025
Қостанайда дәрігерді қызмет орнында соққыға жықты
Қостанайдағы облыстық ауруханада тосын жағдай тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Шілде, 2025
Жетісуда 100 мың гектардан астам егістік суарылған
Жетісу облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы жергілікті шаруалармен су беру бойынша 7 мың 404 келісімшарт жасасқан. Вегетация кезеңі басталғалы 100 мың гектардан астам егістік жер суарылып, 527,5 млн текше метр су алынған, сондай-ақ 17 мың гектар алқапта ылғалдандыру жұмысы жүргізілген, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Шілде, 2025
Астанада тағы бір жол бөлігі жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірінің астындағы жергілікті жол бөлігінде орташа жөндеу жүргізеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Шілде, 2025
Президент Әлихан Смайыловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 17 Шілде, 2025
Алматыда газ құбыры жарылып, екі адам жарақаттанды
QazaqGaz Aimaq компаниясы Алматыда 16 шілдеде жаңадан салынған жер асты газ құбырын сынақтан өткізу (опрессовка) барысында болған жарылыс кезінде екі адамның зардап шеккенін хабарлады, деп жазды Egemen.kz.
Алматы • 16 Шілде, 2025
Алматыда прокуратура әкім орынбасарларын жауапқа тартты
Алматыда 30-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Шілде, 2025
Қазгидромет: Алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады
Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 16 Шілде, 2025
«Тобыл» логистикалық хабының құрылысы басталды
Қостанайда Қазақстанның солтүстігіндегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Тобыл» жаңа көлік-логистикалық кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Нысан қала аумағында орналасады және Президент белгілеген транзиттік стратегияны жүзеге асырудың негізгі нүктесіне айналмақ, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Шілде, 2025
Шымкентте 135 ана, 278 бала дағдарыс орталығын паналап отыр
Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылықпен күреске полициямен бірге қоғам да белсене кірісті. Мәселен биылғы жарты жылда жаңадан ашылған бөлімдер 728 жәбірленушіні жеке қабылдаған, олардың мәселесін тыңдап, проблемасын шешуге көмектескен. Соның ішінде қауіпті деп танылған 68 басбұзардың 48-і өз еркімен психологиялық ем алған. Алты айда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қиналған 68 адамға жан-жақты көмек берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Шілде, 2025
БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды
ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Мирас Мүлкәй тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 16 Шілде, 2025
Бас жүлде Бектасовтар әулетіне бұйырды
Жамбыл облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңі мәресіне жетті. Облыстық байқаудың қорытынды кезеңіне қатысқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеев жүлдегер отбасыларды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
29 гидротехникалық нысан жан-жақты зерттеліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Жамбыл облысында жүзге тарта отбасы заңсыз жәрдемақы алып келген
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықты жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету бойынша 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар сараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Шілде, 2025
Әйелін көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген ер адам сотталды
Әзербайжанның Сумғайыт апелляциялық сотында өз жұбайын өлтірді деп айыпталған Гусейн Кязымовқа қатысты үкімге шағым беру ісі бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлады Egemen.kz.
Әскер • 15 Шілде, 2025
Әскери оқу орындарына құжат қабылдау басталды
Әскери қызметкер болып, Отаныңды қорғау – жоғары мәртебелі міндет. Бұл салаға мойын бұрып, мамандық алып, оқалы киім кию үшін елімізде бірнеше әскери оқу орны жұмыс істейді. Бүгін аталған оқу ордаларына түсу үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Шілде, 2025
Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап, қайтыс болды
14 шілдеде жедел жәрдем станциясының фельдшері полицияға қала кәсіпорындарының бірінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Шілде, 2025
Бюджеттің кіріс бөлігі асыра орындалып, ел қазынасына 11 трлн теңге түсті
Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кірістердің орындалу қорытындыларын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2025
Бақытбек Сыдықов лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Шілде, 2025
Қазақстанда +42 градусқа дейін ыстық болады: синоптиктер ескерту жасады
Синоптиктер 15 шілдеде елордада, Алматыда, Шымкентте және еліміздің 17 облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Конституция күніне орай қазақстандықтар 1 қыркүйекте демалады
Қазақстандықтар биыл Конституция күніне орай қосымша бір күн демалады. 30 тамыз – Конституция күні сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 2025 жылғы 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Шілде, 2025
Президент Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 14 Шілде, 2025
Астанада 1000-ға жуық әуесқой спортшы жүгіру іс-шарасына қатысты
«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында Сарыарқа ауданында кезекті жеңіл атлетикалық жүгіру іс-шарасы өтті. Осы жолғы басты ерекшелігі – қатысушылар жаңа маршрут бойынша бақтарын сынады, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 14 Шілде, 2025
4 ауылда ауыз су мәселесі шешіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту туралы тапсырмасы Қордай ауданында жүйелі жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Шымкентте заңсыз салынған нысан бұзылды
Шымкент қаласы әкімдігі заңсыз құрылыс нысандарымен күресті күшейтті. Осыған байланысты шаһар аумағында салынған құрылыс ғимараттарын сүру жұмыстары бүгінде заң талаптары аясында іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 14 Шілде, 2025
Сотта Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқтығы айтылды
Бүгін Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің сот процесі басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Серік Егізбаев егіншілермен кездесті
Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы саласындағы қазіргі жағдаймен және егін науқанының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
«Қазсушардың» Жамбылдағы филиалы жаңа техникалармен толықты
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облысындағы филиалына 51 жаңа арнайы техника берді. Филиалға барлығы 75 техника бөлінген, қалған 24-і жыл соңына дейін жеткізілмек. Техника паркі толықтырылғанға дейін филиалда 64 жабдық болған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.