ыс
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Абай жерінен 17 сақ қонысы табылды
Абай облысындағы Қаратұмсық қорымынан осыдан 2700-2500 жыл бұрын өмір сүрген сақ тайпасына тиесілі жәдігер табылды. Мұндай бірегей кешен ел аумағында бұрын зерттелген сақ дәуіріне тән қоныстарда алғаш рет кездесіп отыр. Тарихтың кені ашылған кешенде сақтарға қатысты тың ғылыми жаңалық жетерлік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Қарапайым халықтың қорасындағы малын тартып алып, тіршілігінің тамырына балта шапқан кеңестік озбыр саясатқа Абыралы жұрты ашынғаннан атқа қонған. Алапат аштық жылдарында болған Абыралы көтерілісі – қазақ даласында бұрқ еткен тегеурінді қарсылықтардың бірі еді. Күні кеше сол Ақсай құрбандарына арналған ескерткіш бой көтеріп, бабалар рухына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Шілде, 2025
Жамбылдық оқушылар жер сілкінісіне төзімді «ақылды үй» жобасын жасады
Өмірде кездесетін қиындықтар қоғамға қажетті жаңалық ойлап табуға жетелейді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Шілде, 2025
Балқаш көлінде шомылған әйел жағалауға жете алмай қалды
Қарағанды облысы, Приозерск қаласындағы Балқаш көлінде құтқарушылар 1995 жылы туған әйелге көмек көрсетті. Ол қатты ағысқа қарсы жүзе алмай, жағалауға жете алмай қалған. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
Инфрақұрылым • 12 Шілде, 2025
Облыс орталығымен іргелес жатқан Жамбыл ауданында осы жылы жалпы ұзындығы 15,2 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Шілде, 2025
Алматы облысында Есік музейі маңындағы визит-орталық құрылысы тоқтап тұр
Мәжіліс депутаттарының Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында Еңбекшіқазақ ауданындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында және Талғар ауданындағы Oi-Qaragai тау-курортында бірқатар инфрақұрылымдық мәселе көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 11 Шілде, 2025
Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев туристік басым бағыттардың жай-күйін бағалау үшін өңірлерге жұмыс сапарын бастады. Бірінші нысан Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Шілде, 2025
Атырауда ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі
«Қазгидромет» РМК-ның Атырау облыстық филиалы ауа-райын болжау бөлімінің басшысы Айна Қазғұлованың айтуына қарағанда, шілденің екінші және үшінші онкүндігінде күрт ысиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 11 Шілде, 2025
Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
16 шілде күні 15:00-де Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Маңғыстауда дәрігер мамандар жетіспейді
Маңғыстау облысында 250-ге жуық дәрігер жетіспейді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 11 Шілде, 2025
Қарағандылық өнерпаздар республикалық айтыста топ жарды
Қарағандылық әнші-ақындар тағы бір мәрте өнерімен ел ықыласына бөленді. Маңғыстауда өткен «Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі» атты республикалық командалық айтыста облыс құрамасы жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Шілде, 2025
Тырысқақ індетінен 28 адам көз жұмды
Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады. Оңтүстік Киву провинциясында тырысқақ індеті таралып, тұрғындардың өміріне елеулі қауіп төндіруде. Жыл басынан бері бұл жұқпалы аурудан 28 адам көз жұмған. Мамандардың айтуынша, өңірде 600-ге жуық адам инфекция жұқтырған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Биыл 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 92 кәсіпорын 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі белгілі болған. Аталған мәселелер бойынша анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым беріліп, 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Алматы тұрғындары мемлекетке 2 млрд теңге қарыз
«Алматы жылу желілері» тұрғындардың жылу энергиясы үшін төлемеген миллиардтаған қарызды сот арқылы өндіріп алмақ. Осы істің барысында мүлік пен банк шоттарына, шетелге шығуға тыйым салынатын болды. Сонымен қатар қарызды толық төлемей оларға ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Шілде, 2025
«Қаңтар оқиғасына» қатысы бар күдікті Дубайда ұсталды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің («Дикий Арман» деген лақап атпен танымал болған) қылмыстық тобының сыбайласын экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Шілде, 2025
Алдағы күндері 44 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері 44 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Шілде, 2025
Жамбыл облысында фельдшерді атып кеткен
Жамбыл облысында медицина қызметкерін кеудесінен жарақаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 10 Шілде, 2025
Жастар «Махаббат тауын» қоқыстан тазартты
«Jasyl Cross» жүгіру марафоны аясында 300-ге жуық ақтөбелік жас қала іргесіндегі Кірпішті елдімекені жанындағы қалалықтардың сүйікті демалыс орны «Махаббат тауын» қоқыстан тазартты. 34 командаға бөлініп, жүгіре жүріп қоқыс жинаған жастар 45 минут ішінде 500 қапты толтырды. Соның ішінде «Көкжал» тобының жеті мүшесі 53 қап қоқысты бәрінен бұрын толтырып үздік шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Партия • 10 Шілде, 2025
«Ауыл аманаты»: 711 жоба қаржыландырылды
Жамбыл өңірінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қайтарылған қаржы есебінен 5,11 млрд теңгеге 711 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 10 Шілде, 2025
Maqsut Narikbayev University түлектеріне диплом табысталды
Биыл Maqsut Narikbayev University-ді (MNU) 800-ден астам түлек тәмәмдады. Оның ішінде журналистика мектебінің студенттері бар. Осылайша ел журналистикасы тағы бір маман легімен толықты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Шілде, 2025
Маңғыстау облысында бұрғылау мұнарасы құлап қалған
Облыстық ТЖД хабарлауынша, бұрғылау мұнарасы Теңге ауылында 9 шілде сағат 12: 47 шамасында құлаған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Департамент осы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Шілде, 2025
Министр Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты
8 шілдеде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда облысына барған жұмыс сапары барысында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан орман – мелиорация жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Шілде, 2025
Астанадағы Орталық саябақ жолына жөндеу жүргізіледі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орталық саябақ аумағындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Шілде, 2025
Биыл 2 мыңнан астам адам жұмыс күші тапшы өңірлерге көшкен
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіп келген 2 202 адамға, оның ішінде 1 091 қандасқа және 1 111 қоныс аударушыға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Жыл соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Шілде, 2025
Алдағы үш күнде аптап ыстық болады: синоптиктер ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК 10, 11 және 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 09 Шілде, 2025
Жыл басынан бері еліміздің құрылыс саласында мол қарқын байқалады. Салада орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 2 трлн 1 млрд теңгені құрап, былтырдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,4%-ға асты. Мұндай өсім жеке сектордың белсенділігі, ауқымды инфрақұрылымдық жобалар және тұрғын үйге деген тұрақты сұраныстың нәтижесінде мүмкін болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы отандық ЖИ жобаларымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық суперкомпьютер орталығында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Алматыдағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады
Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы қала аумағындағы бірнеше әлеуметтік нысанды мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Жантөре Айтжанов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Депутаттар өңірлік инфрақұрылым тапшылығына алаңдаулы
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Дүйсенбай Тұрғанов пен Әділ Жұбанов Атырау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі өндірістік және инфрақұрылымдық жобалардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Шілде, 2025
Аптап ыстықтан екі мыңнан аса адам қайтыс болды
Соңғы апталарда Еуропа құрлығы аптап ыстықты бастан кешіп жатыр. Лондондағы Империялық колледж зерттеушілері таратқан мәліметке сүйенсек, күннің күрт ысуынан небәрі екі аптаның ішінде 2300-ге жуық адам қайтыс болған, деп жазады Egemen.kz.