ас
Елорда • 27 Маусым, 2025
Қанатты барыстай болашаққа бет алған Астана бейнесі – уақыт салып жаңғыра түсуде. Тәжді қаланың әр даму сатысы өнер саңлақтарының еңбегінде, ел жүрегінде сақталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Маусым, 2025
Экономика 6%-ға өсті, енді оны сақтау маңызды - Бектенов
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы елдің экономикалық дамуы туралы баяндады. Үкімет басшысы еліміздің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) өсімі 6%-ды құрағанын және бұл оң қарқынның сақталуы маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 27 Маусым, 2025
Қазақстандық жастар бизнеске шағын несие ала алады
«Ауыл аманаты» жобасы аясында жастар кәсіпкерлігін қолдау жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Маусым, 2025
Кәсіпкерлерге 12,6% мөлшерлемемен несие беріледі
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында елімізде бизнеске «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі арқылы 8 триллион теңгеден кем емес несие 12,6 пайыздық мөлшерлемемен берілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Маусым, 2025
Бюджет тапшылығы екі есеге азаяды - Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстандағы бюджет тапшылығын төмендету жоспары туралы айтты. Оның айтуынша, үкімет алдағы үш жылда бюджет тапшылығын екі есеге жуық қысқартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Маусым, 2025
Биыл 5,5 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылдың басынан бері 5 496 этникалық қазақ Қазақстанға оралып, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 153 мың этникалық қазақ көшіп келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Маусым, 2025
Түсті металды заңсыз шығармақ болған топ ұсталды
Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратурамен бірлесіп, рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген компанияның заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Маусым, 2025
Қостанайдағы су бұру арнасына 1 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстар салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Қостанай облысының Қарасу ауданында су бұру арнасының құрылысына Үкімет резервінен 1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Маусым, 2025
Президент Минск қаласына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 26 Маусым, 2025
Ұлттық музейде литваның әйгілі суретші-композиторы Микалоюс Константинас Чюрлёнистің шығармашылығына арналған көрме ашылды. Қайталанбас туындылары арқылы көрермендерді рухани саяхатқа жетелеген көрме шынында да қызығушылық тудырады.
Оқиға • 26 Маусым, 2025
«Тайынша-Май» зауытында газ жарылып, 9 адам зардап шекті
25 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Ильичевка ауылында ірі кәсіпорында газ жарылысы болып, тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Маусым, 2025
Қазақстан Тәжікстан нарығына астық экспортын арттырады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен, сондай-ақ тәжік ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Маусым, 2025
Индонезияда есірткімен ұсталған екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін
Индонезияның Бали аралында сәуір айында ұсталған азаматтардан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген. Қазір бұл іске байланысты Индонезияның құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Маусым, 2025
Қызылордада бір аптада жасөспірімдер арасында 255 құқық бұзушылық анықталды
Елімізде кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында, ал 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруіне тиым салынғаны белгілі. Осыған байланысты Қызылорда қаласында түнгі рейд ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Маусым, 2025
Қазақстан 50-in-5 жаһандық бастамасына қосылды
Аталған бастама елдердің күшін біріктіре отырып, цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның (DPI) негізгі элементтерін жедел енгізуді мақсат етеді. Бұл технологиялар заманауи, ыңғайлы, проактивті мемлекеттік қызметтерді дамытуға негіз болып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және цифрлық экономиканы ілгерілетуге ықпал етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 25 Маусым, 2025
Каспий теңізінің жағалауында мобильді бекеттер орнатылды
Шомылу маусымы қарсаңында Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауындағы танымал демалыс аймақтарындағы акваторияның түбіне зерттеу жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Мозамбик Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Даниэл Шапу мен оның отандастарын Мозамбик Республикасының тәуелсіздігіне 50 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумға қатысады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
1 млн адамды ЖИ-ге баулимыз - Жаслан Мәдиев
Қазақстан жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамытуда аймақтық көшбасшы елге айналып отыр. Бұл жөнінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев BAQ.KZ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Маусым, 2025
Үкіметте энергия тиімділігін арттыру мәселесі қаралды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҮЕҰ өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Депутат жер саласындағы заң бұзушылық мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бірнеше өңірлердегі жер саласында болған заң бұзушылықтар туралы депутаттық сауалын Үкімет басшысына жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 25 Маусым, 2025
Балалар 44 мыңнан астам экологиялық іс-шараға қатысқан
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ата-аналар, педагогтер, оқушылар бірлесіп білім беру ұйымдарында 44 мыңнан астам іс-шара өткізген. Оның ішінде жаппай ағаш отырғызу, экологтар, өлкетанушылар мен натуралистер форумдары, экожобалар конкурстары және еріктілер акциялары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Жастар бейбіт заманның қадірін түсінуге тиіс - Президент
Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында қазіргі құбылмалы, бұлыңғыр заманда біз осы тарихи ақиқатқа адал болып, зұлмат соғыстың қасіретті сабағын ұмытпауымыз қажет екендігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Президент халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 25 Маусым, 2025
«XXI ғасырдың цифрлық триггерлері» форумы өтті
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі AFM Online 2025 «XXI ғасырдың цифрлық триггерлері» форумын өткізіп, оған мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және миллиондаған жазылушысы бар блогерлер, барлығы 2000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Маусым, 2025
Қытайдағы су тасқынынан 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында толассыз жауын-шашын салдарынан су тасқыны болып, 80 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Маусым, 2025
Президент Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойып, оның рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Ел тұрғындары қай әкімдіктің жұмысына жиі шағым түсіреді
Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында қазақстандықтардан ең көп шағым түсетін өңірлердің әкімдіктерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
Астанада белгісіз біреулер LRT вагондарына сурет салып кеткен
Астанада LRT вагондарына белгісіз тұлғалар тарапынан рұқсатсыз граффити салынғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.