Ай
Руханият • 19 Мамыр, 2025
Ұлттық дәстүрдің жандануына жол ашқан мереке
Астанадағы «Балқарағай» демалыс аймағында халқымыздың ежелгі салты – Қымызмұрындық кең ауқымда аталып өтті. Бұл жай ғана мереке емес, көктем мен тіршіліктің оянуын, даланың дархан тынысын сездіретін, халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келген қасиетті дәстүрлерінің жаңғыруы. Қазақтың шипалы сусыны қымызды ұлықтауға арналған салтанатқа қала тұрғындары және шетелдік туристер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 19 Мамыр, 2025
Баянауылға сыбырлақ аққулар ұшып келіп жатыр
Баянауыл ұлттық табиғи паркінің директоры Аждар Жүсіпов су айдындарына аққулар жиі ұшып келіп жатқанын хабарлады. Құстар сыбырлақ аққу түріне жатады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 19 Мамыр, 2025
Ауыл балалары халықаралық робототехника жарысында жеңіске жетті
Еліміздің қай қиырын алсаңыз да, талантты, аса қабілетті балалар табылады. Осы демалыс күндері Жетісу облысында орналасқан Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары әлемдік аренада қазақ рухын, ғылымы мен өнерін қатар танытты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Уақыт және музей» тақырыбында Музей түні акциясы өтті.
Құрылыс • 18 Мамыр, 2025
Абай облысында аурухана іргетасы қаланды
Медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, халықтың денсаулығын жақсарту – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені Мемлекет басшысының әр Жолдауында айтылып келеді. Осы ретте Абай елінің көптен көкейінде жүрген облыстық аурухана салу мәселесін шешілетін болды.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2025
Өрендер өндіріске экскурсия жасады
2025 жыл – елімізде «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланды. Аталған бастамаға орай, Абай облысы жастарды техникалық және жұмысшы мамандықтарына баулуды мақсатында Ақтоғай тау-кен байыту кешенінде Қопа ауылының мектеп түлектеріне арналған экскурсия ұйымдастырылып, жасөспірімдерге өндіріс орны таныстырылды.
Қоғам • 18 Мамыр, 2025
Қостанай облысында жыл басынан бері 300-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді
Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Өңірде жол апаты салдарынан 10 адам қаза тауып, шамамен 500 адам түрлі жарақат алған. Осыған орай, полиция қызметкерлері жол үстіндегі бақылау шараларын күшейтті.
Туризм • 18 Мамыр, 2025
Алакөл демалыс орнын абаттандыруға қомақты қаржы бөлінеді
Маңызды жиын Абай атындағы театрда ұйымдастырылып, қосымша онлайн трансляция жасалды. Жиында облысы әкімі Берік Уәли алдағы жылдардағы даму жоспарын баяндады. Онда инфрақұрылымды жаңарту, инвестициялық жобалар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы бастамалар туралы айтылды. Кеңейтілген жиын өңір жұртшылығы мен кәсіпкерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып, даму перспективалары ұсынылды.
Спорт • 18 Мамыр, 2025
Зілтеміршілер Қытайдан қос жүлдемен оралды
Қытайдың Цзяншань қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Табиғат • 18 Мамыр, 2025
Батыстағы үш облыстың браконьерлеріне 15,9 млн теңге айыппұл салынды
Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысындағы су айдындарында «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясы өтіп жатыр.
Қоғам • 18 Мамыр, 2025
Биыл жазда Павлодар облысында 47 жағажай жұмыс істейді
Павлодар облысында суға түсу маусымына орай 47 жағажай жасақталады. Олардың инфрақұрылымы жақсартылып, суға түсетін жерлерге барлау жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Мамыр, 2025
Атыраудағы «ANACО» компаниясына 897 млн теңге айыппұл салынды
Атырау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, аталған атмосфералық ауаға газды заңсыз шығарған. Соның салдарынан ластаушы заттардың шығарындылары нормативтен асып кеткен.
Спорт • 17 Мамыр, 2025
Альпинист ел Конституциясын Гималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай қазақстандық альпинист, мәдениет қайраткері Әлібек Қайырбек елдің Ата Заңының мәтінін Гималайдағы Айленд Пик (6180 м) шыңына алып шықты.
Қоғам • 16 Мамыр, 2025
Шалғай аудандағы балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Шалқар аудандық ауруханасының жанында тірек-қозғалыс бұзылыстары бар балаларды оңалту орталығы ашылды. Бұл орталық «Қазақстан халқына» қорының «QH Аудандық оңалту орталықтары» қайырымдылық жобасы аясында іске асырылды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Елорда • 16 Мамыр, 2025
«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы жарияланды
«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялайды. Жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2025
Ақтөбе облысында 1200 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақтөбе облысындағы департаменті Алға ауданында алқаптардың пайдаланылуына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Мамыр, 2025
Елімізде қандай спорттық нысандар салынып жатыр
Туризм және спорт министрлігі осы жылғы спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан негізгі жобаларды жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2025
Шетелдік инвестор Астана әуежайын 25 жыл бойына қаржыландырады
Terminals Holding (БАӘ) өзінің еншілес кәсіпорны Terminals Astana Airport Limited компаниясымен Астана қаласында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын сенімгерлік басқару туралы 25 жылдық инвестициялық келісімшарт жасасты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Мамыр, 2025
Педагогтерге арналған республикалық байқау басталады
1 маусымнан бастап "Педагогикалық идеялар панорамасы-2025" республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Мамыр, 2025
«Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Мәжіліс Парламенттің қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет • 15 Мамыр, 2025
Түркістанда «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» халықаралық симпозиумы өтті
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, түркі жұртының да сүйікті жазушысына айналған рухани тұлға, көркем сөздің хас шебері, көсемсөзде көшбастаған Мархабат Байғұттың туғанына - 80 жыл. Жазушының мерейтойы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында кең көлемде аталып өтіп жатыр. Мерейтой аясында жыл басынан бері түрлі мазмұнды мәдени-әдеби іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін осындай шаралар легі «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атауымен Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Мамыр, 2025
Бразилияда автобустар Димаштың суретімен безендірілді
Еліміздің мақтанышы, әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай бразилиялық фан-клуб «Dimash on the Road» акциясын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Мамыр, 2025
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Жандос Шаймардановтың Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалғаны туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2025
Абылай Мырзахметов түрмеден шартты түрде босап шығуға өтініш берді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы, алаяқтық үшін сотталған Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 14 Мамыр, 2025
Ағартушылық адалдықты талап етеді
Сыбайлас жемқорлық жайлаған саланың бірі білім саласы екені жасырын емес. Сондықтан онымен күрес қоғамның басты міндеті. Мемлекет білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресіп-ақ жүр.
Руханият • 14 Мамыр, 2025
«Ер Тарғын» жырын хатқа түсірген жырау кім
Қазақтың «Қобыландысы» мен «Ер Тарғыны» туралы бәріміз білеміз. Бірақ бұл жырлардың ең көркем нұсқасы кімнің аузынан хатқа түскенін көбі біле бермейді. Бір ғасырға жуық уақыт бұрын дала төсінде жырды жанымен тербеткен Марабай Құлжабайұлының есімі бүгінде көп айтылмайды. Ал шын мәнінде, дәл осы жыраудың көмейінен шыққан сөздер арқылы қазақ эпосы алғаш рет қағаз бетіне түскен. Сол жырлар бүгінгі әдебиеттегі ең көркем, ең шынайы нұсқалар болып саналады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 14 Мамыр, 2025
Депутат ел мектептерінде жасанды интеллектіні оқытуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, білім беру жүйесіне жасанды интеллектті (ЖИ) жүйелі түрде енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Мамыр, 2025
«Ақтөбе» ФК бас бапкері болып Вячеслав Левчук тағайындалды
Бүгін Вячеслав Левчук «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметіне ресми кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
Павлодарда ескерткіштің жанында әдепсіз би билеген оқушы қыздар айыппұл арқалады
Павлодар қаласындағы Даңқ Обелискі мен Мәңгілік алаудың жанында бейәдеп би билеген екі жасөспірімге айыппұл салынды. Бұл туралы Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Мамыр, 2025
Энергетика министрлігі 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қорытындыларын жариялады. Ресми дерекке сүйенсек, биылғы төрт айда елімізде 6,092 миллион тонна мұнай өңделген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артық көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.