Түркі
Аймақтар • 21 Мамыр, 2025
Депутат Түркістан облысында төтенше жағдай жариялауды ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ұласбек Сәдібеков Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы саласында қордаланған мәселелер мен шаруаларды қысқан қуаңшылық туралы сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2025
Табиғат апаттарына қарсы күш жұмылдыру аса өзекті - Тоқаев
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері саммитіндегі сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Мамыр, 2025
Келісімдерді бұлжытпай орындау басты талап – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті жиынында сөз сөйлеп, ұйым шеңберінде қабылданған келісімдер мен құжаттардағы ережелерді қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Мамыр, 2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін көне Будапешт шаһарында өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанға ризашылығын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Мамыр, 2025
Ауыл мектебінің түлегі 36 шетелдік университеттен шақырту алды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық округіндегі Қанағат ауылында орналасқан №7 Төле би атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан шетелдің 36 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2025
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 18 Мамыр, 2025
Түркістанда мал шаруашылығына бөлінген ақша ұрланған
Облыста мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 271 млн теңге субсидия қолды болған. Нақтырақ айтқанда, 31 шаруа қожалығы бойынша деректер базасына мал шаруашылығында шынында жоқ мал туралы жалған мәліметтер енгізілгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Мамыр, 2025
Биылғы оқу жылында 14 мың мұғалім жұмысқа қабылданған
2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны 412 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Оқу-ағарту министрлігі осылайша, Қазақстан мектептерінде педагог тапшылығы жойылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2025
Ерлан Қарин халықаралық симпозиумға қатысты
Бүгін Түркістан қаласында «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
Түркі мемлекеттері сайлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтты
2025 жылғы 14 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің орталық сайлау органдары арасында өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған маңызды құжат – Консультативтік платформа (ОСО КП) туралы Ережеге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Түркі мемлекеттері ұйымы сот органдарының ынтымақтастығы артты
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы соттарының басшыларымен онлайн форматта кездесті. Бұл жиын Түркияның Анталия қаласында өткен форум аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Мамыр, 2025
Үкіметте шегірткеге қарсы күрес шаралары пысықталды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткенің таралуына қарсы күресті күшейту қажеттігіне назар аударды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазіргі жағдай туралы баяндады. АШМ мәліметтері бойынша, шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2025
Мақта шаруашылығында 70 мың адам еңбек етіп жүр
Маңызды салалардың бірі мақта шаруашылығы – халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан, 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымында шамамен 70 мың адам еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 06 Мамыр, 2025
Түркістанда жылына 2 млн тонна мұнай өңдейтін зауыт салынып жатыр
Түркістан облысы Ордабасы ауданында салынып жатқан «Standard Petroleum & Co» ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытының бірінші кезеңін жыл соңында іске қосу жоспарланған. Өндіріс орнында 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.
Спорт • 05 Мамыр, 2025
Олимпиада және Еуропа чемпиондары Түркістанда өнер көрсетті
Түркістанда қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Әлемдік деңгейдегі кәсіпқой спортшылардың қатысуымен «Мұз сарайында» өткен шоу – сол жобалардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 05 Мамыр, 2025
«Түркістан сақшылары» қалай түсірілді
Жуырда түркістандық IT маманы Ғасыр Құралбайұлы жасанды интеллект арқылы жасалған алғашқы қазақ тіліндегі мультфильмді көрермен назарына ұсынды. Ол «Түркістан сақшылары» туындысын дайындау барысында ChatGPT, RunwayML, Kling Ai, Hydra AI, ElevenLabs сынды ЖИ бағдарламаларының көмегіне жүгінген. Мультфильмнің басты кейіпкерлері ретінде Ақпантер – барыс, Алтынқанат – қыран, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа бейнелері таңдалған. Толыққанды 3D форматтағы мультфильм сюжеті еліміздің рухани ордасын қасаң ой, теріс әрекеттерден қорғау төңірегінде өрбиді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 04 Мамыр, 2025
Түркістан облысында сор шаю жұмыстары аяқталды
«Қазсушар» филиалы Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстарын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Грейг қызғалдағын жұлған шымкенттік әйелдің жазасы қандай болады?
Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақты заңсыз жұлу дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Сәуір, 2025
Түркістанда «Жас еңбек адамы – 2025» байқауы өтті
Түркістан облысында жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Жас еңбек адамы – 2025» байқауы өз мәресіне жетті. Сайыстың соңғы кезеңі Бәйдібек ауданында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 28 Сәуір, 2025
Түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтау мақсатындағы форум өтті
2025 жылдың 26 сәуірінде Хиуа қаласында «Жаңа Өзбекстандағы бақсы өнері: заманауи зерттеулер және перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен «II Түркі әлемі мәдениет форумы» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Темірлан ауылында өнер мектебі салынады
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған мектептің құрылысы – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған әлеуметтік жобалардың бірі, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 24 Сәуір, 2025
Қабірхана бөлмесінің есігі қалпына келтірілді
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі Алматыдағы «Қырым аралы» ғылыми реставрациялық зертханасының көмегімен қайта қалпына келтірілді.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Тоқаев пен Бердімұхамедов Turkistan визит орталығына барды
Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Тоқаев пен Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды
Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Қазақстанға келді
Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Сәуір, 2025
Республикалық спартакиада жеңімпаздары анықталды
Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогі» спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 21 Сәуір, 2025
Түркістанда республикалық «Ясауитану-2025» байқауы өтті
Түркістан қаласында түркі дүниесінің рухани ұстазы Ахмет Ясауи және оның мұрасына арналған респуликалық «Ясауитану-2025» байқауы өз мәресіне жетті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен іріктеуден өткен 70-тен аса оқушы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2025
Түркістанда Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған турнир басталды
Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде даңқты боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болған Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған ХХХІ халықаралық турнир басталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Сәуір, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанда кездеседі
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына орай ұйымдастырылған «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.