чемпион
Спорт • 10 Қыркүйек, 2023
Футболдан келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы 6-турда Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия футболшыларын 1:0 есебімен ұтты. 27-минутта Максим Самородов гол соғып, құраманы алға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2023
Жігіттер жерге қаратпайтынына сенемін - Магомед Адиев
Бүгін футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы кезекті матчын өткізіп, «Астана Арена» стадионында Солтүстік Ирландия футболшыларына қарсы ойнайды. Тартыс алдында өткен баспасөз мәслихатында ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев жеңіске жетеміз деп иландырды.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2023
Анна Данилина – «Үлкен дулыға» чемпионы!
Қазақ елінің тенисшісі Анна Данилина АҚШ-тың ашық чемпионатында (US Open) жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2023
Спорт • 08 Қыркүйек, 2023
Шахматшы қыздар ширек финалға шықты
Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыр атлетика • 08 Қыркүйек, 2023
Пауэрлифтинг шеберінің үстінен көлік жүріп өтті
Желіде пауэрлифтингтен чемпион Зәкір Найманбаевты көлік басып өткен видео пайда болды. Видеоны спортшы Instagram-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2023
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстанның 11 спортшысы қатысады
Кеше Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Әлемдік додада Қазақстан намысын 11 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2023
Азия чемпионатында қазақстандық биатлоншылар 51 медаль еншіледі
Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығында алғаш рет биатлоннан жазғы Азия чемпионаты өтті. Қазақстан биатлоншылары 17 алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2023
Қол күрестен ел қоржынына 136 медаль түсті
24 тамыз - 3 қыркүйек аралығында Sport Qory қолдауымен Алматыда қол күресінен ересектер, жастар, жасөспірімдер, ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 04 Қыркүйек, 2023
Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы ширек финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 04 Қыркүйек, 2023
Жібек Құламбаева − Чехия турнирінің чемпионы
Қазақ елінің теннисші қызы Жібек Құламбаева Чехияның Прага қаласында өткен халықаралық турнирдің жұптық сынында чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2023
Волейболдан қыздар арасындағы Азия чемпионатында еліміздің арулары плей-офф кезеңінде сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2023
Қазақстанның қыздар құрама командасы қола жүлдеге қол жеткізді
Кеше Ыстанбұлдағы Бурхан Фелек орталық стадионында өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы (XVIII) және қыздар арасындағы (IX) әлем чемпионатының бірінші күні оқу мұнарасының 2,4-қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу түрі бойынша жарыс өтті. Еліміздің қыздар ұлттық құрама командасы үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2023
Қол күрестен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті
Алматы қаласында кадеттер, жасөспірімдер мен жастар және ересектер арасында өткен қол күрестен 44-ші әлем чемпионаты аяқталды. Ересектер арасында Қазақстан сол қол бойынша 8 алтын, 12 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды, ал оң қол бойынша ересектер арасында 6 алтын, 9 күміс, 4 қола медальдармен көш бастады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 31 Тамыз, 2023
Қазақстан таэквондошылары әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында таэквондодан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан командасы 6 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Тамыз, 2023
ЕҰУ студенті пауерлифтингтен әлем чемпионы атанды
Пауэрлифтингтен Румынияның Клуж-Напок қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық Нинель Аблаева жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Тамыз, 2023
Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды
Біріккен Араб Әмірліктерінде парапауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы алтын жүлде жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Тамыз, 2023
Алматыда қол күрес спортынан әлем чемпионаты басталды
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі бүгін Алматы қаласындағы Sadu Arena спорт кешенінде қол күресінен ересектер, кадеттер, жастар мен жасөспірімдер арасында 44-ші әлем чемпионаты басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Тамыз, 2023
Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын сәтті қорғады
Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас (4-0, 2 КО) Ыстанбұлда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 25 Тамыз, 2023
Әскери қызметші Еуропа чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды
Чехияда өткен Еуропаның XXXI су асты бағдарлау чемпионатының «МОНК» жаттығуында екінші орын олжалаған ефрейтор Шахноза Құрбанованы Алматы қаласында салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Тамыз, 2023
Қарағандылықтар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Польшаның бас шаһары Варшавада (21–24 тамыз) грепплингтен жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қарағандылықтар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Тамыз, 2023
Константин Малиновский әлем чемпионатын 7-орынмен аяқтады
Бүгін Әзербайжан астанасында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында ерлер пневматикалық винтовкамен 50 метрден жатып оқу атудан бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Тамыз, 2023
Астанада алғаш рет джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр
Астана қаласында алғаш рет джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер арасында 14-21 жас санаттары бойынша әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Тамыз, 2023
Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Тамыз, 2023
Әзербайжанда нысана көздеуден әлем чемпионаты басталды
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатының ресми ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Тамыз, 2023
Иорданияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді
Тамыз айының 14-20 күндері аралығында Иорданияның астанасы – Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Еркін күрес және грек-рим күресінен еліміздің ұлттық құрама командалары жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Тамыз, 2023
Гимнастшы Милад Карими Универсиада чемпионы атанды
Қытайда өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық гимнастшы Милад Карими алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Тамыз, 2023
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы жүлде түсті
Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Тамыз, 2023
Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында бір алтын, бір қола жүлде
БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында 12-17 жас аралығындағы жаcөспірімдер арасында аралас жекпе-жектен өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің екі спортшысы топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Шілде, 2023
Қазақстандық семсерлесуші әлем чемпионатында олжалы болды
Италияның Милан қаласында семсерлесуден өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Руслан Құрбанов қола медальді жеңіп алды, хабарлайды Egemen.kz.