ат
Президент • 05 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Непал Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Непалдың батыс бөлігінде болған жойқын жер сілкінісі кезінде көптеген адамның қаза табуына байланысты Непал Президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қараша, 2023
Курчатов қаласы тұрғындары сайлау учаскелерінде таңдауын жасайды
Пилоттық режимде аудандар мен қалалар әкімдерін сайлау – еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиға. Осы орайда Абай облысына қарасты Курчатов қаласы және Абай ауданы тұрғындары бүгін сайлау учаскелерінде таңдауларын жасап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қараша, 2023
Әкімдер сайлауы: Сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатыр
Бүгін пилоттық тәртіпте облыстық маңызы бар үш қала және 42 аудан әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2023
Алматы тұрғындары жол шұңқырын кілеммен жауып қойған
Әлеуметтік желіде жолда жатқан кілем бейнеленген фотосурет тарап жүр. Анықталғандай, Алматы тұрғындары жолдағы шұңқырды кілеммен жауып, мәселені өз бетінше шешпек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 03 Қараша, 2023
Бокстан Азия чемпионаты: Қоржында 5 алтын, 5 күміс
Бокстан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жастар санатындағы 5 спортшы қызымыз финалда өнер көрсетіп, 5 алтын және 5 қола жүлдені жеңіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қараша, 2023
Түркі мемлекеттері саммиті: 12 құжат бекітілді
Астана қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде 12 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қараша, 2023
Президент: Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы Саммитіндегі сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 03 Қараша, 2023
Биатл мен триатлдан әлем чемпионатында ел құрамасы екі медаль олжалады
Индонезияның Нуса-Дуа қаласында биатл мен триатлдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Таным • 03 Қараша, 2023
Ұмыт болған дәстүр: «Бәсіре атау» туралы не білеміз?
Қазақта кішкентай балаларға арналған салт дәстүрлер жетерлік. Соның бірі - Бәсіре атау. Ата-бабаларымыз балаға бәсірені не үшін, қалай атаған?
Білім • 03 Қараша, 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне – 95 жыл
Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Қараша, 2023
Дәрігер кеңесі: Ағзаны суыққа дайындап үлгеріңіз
Қылышын сүйретіп келетін қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жанның жылулығын сақтайды. Бұл – мезгілдің адамға әсері. Десе де қыстың қақаған аязына ағзаны дұрыс дайындаған абзал. Бұл дайындықты күз мезгілінің басынан-ақ бастаған жөн. Себебі, ауру айтып келмейді, оның алдын алу дұрысырақ. Осыған орай Egemen.kz тілшісі ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жоғары санатты әдіскер-дәрігері Гүлнар Тұрдыновамен кеңесіп көрді.
Президент • 02 Қараша, 2023
Мажарстан Премьер-министрі «Достық» орденімен марапатталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 02 Қараша, 2023
Депутат: Кедейшілікке қарсы іс-қимыл комиссиясы қашан құрылады?
«Amanat» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров кедейшілікпен күрес мәселелеріне қатысты Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Қараша, 2023
Бір жылда үш «джип» олжалаған шабандоз бала бәйге сайын қамшысын сыйлайды
Жетісу облысы, Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылының 3-сынып оқушысы Хамза Амангелді биылғы жылдың өзінде аламан бәйгеден бес рет жүлделі болды. Осы күнде атсейіс қауым мен жылқы жануарының жанкүйерлері арасында Хамзаның есімі Жұмыртұяқ тұлпармен қатар аталады. «Азамат пен қазанат» айдарында бүгін белгілі атсейіс Марлан Амангелдіұлымен өрбіген сұхбатты ұсынамыз.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Кеншілердің қазасына кінәлілер жеңіл жазамен құтылып кетпеуі тиіс - сенатор
Қазақстанда Костенко атындағы шахтада орын алған қайғылы оқиғаға қатысы бар кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі орынды көтеріліп жатыр. Бұл туралы Сенат отырысында депутат Сергей Ершов өз сауалында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Қараша, 2023
Қазақстанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, 6 және одан да көп тіл білетін ерлер көп
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың тіл білу деңгейіне қатысты деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz тиісті ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Елімізде қандай да бір дінге қатысы бар екенін жасыратындар көбейген
Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» қорытындысын жариялады. Онда Қазақстан халқының ұлттық құрамы, діні және тілдерді меңгеруі бойынша деректер жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Қараша, 2023
Премьер-министр Николя Маспен кездесті
Премьер-министр Әлихан Смайылов Orano S. A. компаниясының бас операциялық директоры Николя Маспен кездесіп, қос тарап энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
«Митталдың ашық әңгімесі»: Әлеуметтік желіде Митталдың жалған сұхбаты тарады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Митталдың ашық әңгімесі» деп аталған хабарлама тарады. Мәтінде бұл Arcelor Mittal металлургиялық компаниясының ортақ иеленушісінің журналистпен «әңгімелесуінен үзінді» деп жазылған. АМТ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
Нәтижелі жұмыспен қамтуда нәтиже бола ма? – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Әуесбаев Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдап, жұмыспен қамтудағы жүйесіздік жайын қозғады. Жыл сайын нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту үшін қыруар қаражат жұмсалғанын, алдағы уақытта да қомақты сома бөлінетінін айтты.
Спорт • 01 Қараша, 2023
Мергендер Париж Олимпиадасының үшінші жолдамасын жеңіп алды
Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 50 метрден пневматикалық винтовкамен үш позициядан оқ ату бәсекесі финалында Ұлттық құрама спортшысы Константин Малиновский 590 ұпаймен 5-орыннан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Қараша, 2023
Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланды
Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан көз жұмған кеншілердің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 01 Қараша, 2023
Талғат Бигелдиновтің есімі мектеп-лицейге берілді
Елорданың №1 мектеп-лицейі енді аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің есімімен аталады. Мұндай шешімді Астанадағы ономастика комиссиясы қабылдады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 01 Қараша, 2023
Макрон Қазақстанға қандай себеппен келе жатыр?
Бүгін, 1 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келеді. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды. Мемлекет басшыларының кездесуінен кейін қос елдің қарым-қатынасы қай бағытта дамуы мүмкін? Осы және өзге де өзекті мәселелер туралы Egemen.kz kazinform материалына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Келесі жылдан бастап заң қазақ тілінде жазылады
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан 2024 жылдан бастап Үкімет заңды қазақша жазатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің табысы қанша еді?
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жалақысы қанша болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Бас прокуратура «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 31 Қазан, 2023
Павлодар әскерилері майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмасбек Бұхарбаев және «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Жан Қаратаев екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан Мария Курбатованы жүз жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Елдің қай қалаларында пәтер жалдау арзандады?
Сарапшылар Қазақстанның 8 қаласында пәтерді жалға беру құны арзандағанын байқады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы апат: Жер астынан соңғы кеншінің мәйіті табылды
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов кеншілерді іздестіру жұмыстары бойынша жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.