ас
Қазақстан • 12 Маусым, 2025
А.Мерғалиев Беларусь Жоғарғы сотының судьяларымен кездесті
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы А.Мерғалиев Минск қаласына жұмыс сапары барысында Беларусь жоғары сот органының төрағасы Валентин Сукаломен және осы соттың сот корпусымен кездесіп, сот жүйесін жаңғырту – сот ісін жүргізу сапасын арттыру, медиация мен әкімшілік әділетті дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасты, тараптар тәжірибе алмасу елдердің дамуына қосымша серпін беретініне сенім білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 12 Маусым, 2025
ТүркПА төрағалығын Қазақстан қабылдады
Бүгін Астанада Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) XIV пленарлық отырысы өтті. Бұл жиын «TURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі» тақырыбында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2025
Астанада ата-аналарды алдап соққан алаяқ сотталды
Елордада балабақшадан орын алып беремін деп 30-дан астам ата-анаға уәде беріп, орындамай кеткен алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Маусым, 2025
ТМД Экономикалық сотының төрағалығына Герман Нұрбаев сайланды
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Минскіде (Беларусь) ТМД Экономикалық соты Пленумының жұмысына қатысты. Қатысушылар арасында мүше мемлекеттердің жоғары сот органдарының өкілдері мен ТМД ЭС судьялары болды, кездесу барысында А.Мерғалиев ТМД ЭС-ның Құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Маусым, 2025
Елорда әкімдігі журналистерге арналған байқау жариялады
Астанада БАҚ қызметкерлерінің күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде елорданың дамуы туралы үздік жарияланымдар, репортаждар, сюжеттер байқауы жарияланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Биыл көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы берілді
Жыл басталғалы 613,7 мың көпбалалы отбасыға 221 млрд теңге, 242,2 мың наградталған анаға 32,4 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы берілген, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Маусым, 2025
Родников ауылында сүт фермасы салынып жатыр
Қарағанды облысы, Осакаров ауданының Родников ауылдық округінде Eurasia Invest компаниясы 6000 сиырға арналған заманауи сүт-тауар фермасын салып жатыр. Ферманың қуаты – жылына 70 мың тонна сүт өндіруге жетеді. Оның іске қосылуы 180 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Маусым, 2025
23 семсерші Азия бәсекесіне барады
Семсерлесуден Азия чемпионаты – Индонезияның Бали аралында өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары ерлер және әйелдер арасында қылышпен, шпага және рапирамен сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Маусым, 2025
Қызылордада сантехникалық бұйым өндіретін зауыт салынады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жобасы және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Маусым, 2025
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясы спикерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы ерекше екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 12 Маусым, 2025
Тәжірибеден өткен студенттер саны төрт есе артқан
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен еліміздегі жетекші ЖОО арасында жасалған меморандумдар шеңберінде былтыр 80 студент өндірістік тәжірибеден өтсе, биыл 339 студент (288 студент университеттерден, 51-і колледждерден) тәжірибе жинаған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2025
Ел кәсіпкерлеріне жеңілдікпен несие беріледі
Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жеңілдікпен несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады. Бұл құрал микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Отбасының цифрлық картасы тиімділігін көрсетті
Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 221,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 116,9 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 12 Маусым, 2025
Азат Мақсұмның қарсыласы анықталды
21 маусымда Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде тұңғыш рет UFC турнирі ұйымдастырлады. Сол жарыста аса жеңіл салмақтағы (57 кг) Азат Мақсұм да өнер көрсетеді. Алматының іргесіндегі Қаскелеңде дүниеге келген 30 жастағы қазақтың қайсар ұлы ресейлік Тагир Ұланбековпен күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2025
Жалпы ішкі өнім көлемі 6 пайызға өсті
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Маусым, 2025
ТүркПА делегацияларының басшылары Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына барды
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы парламенттерінің спикерлері Ұлттық ғарыш орталығына барып, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен таныстыдеп жазады Egemen.kz.
Саясат • 11 Маусым, 2025
Әлем назарын өзіне аударудан жаңылмайтын технология алыбы Илон Маск саяси мәлімдемесімен көпшіліктің қызу талқысына тағы да түсті. Бұл жолы ол АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты айтқан сыни пікірлеріне ашық түрде өкініш білдіріп, саяси сахнадағы көпжақты қарым-қатынас пен жеке позициялардың қайшылығын тағы бір мәрте көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Маусым, 2025
«Ұлытау» домбырашылар ансамблі бас жүлдені жеңіп алды
Өзбекстан Республикасында Халықаралық «Нұрай-Фест» өнер фестивалі өтті. Осы сайысқа Ұлытау облысы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты жанынан құрылған «Ұлытау» ансамблі мен жас өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Маусым, 2025
Әкесін өлтірген жасөспірім 10 жылға сотталды
Әзербайжанда әкесін атып өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz APA агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 11 Маусым, 2025
Қазақстан және Словакия премьер-министрлері кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапарымен келген Словакия Республикасының Премьер-министрі Роберт Фицомен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 11 Маусым, 2025
Тау-кен өндірісіндегі инновация
Отандық ғалымдар кен құрамын жылдам әрі үлгіні бұзбай анықтайтын ерекше рентгенфлуоресценцтті аспаптар жасап шығарды. Технологиялық құралды Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының академик Амандық Төлешов жетекшілік ететін ғалымдары ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 11 Маусым, 2025
Инвестициясыз өнім жоқ - экономист
Елімізде ресми инфляция баяулап жатыр десек те, мұны халықтың әмияны аса сезініп отырған жоқ. Экономист Алмас Чукин Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдыратынын айтады. Бұл – жақсы жаңалық, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 11 Маусым, 2025
Жүріп бара жатқан көлікке жармасқан балалардың ата-аналары жазаланды
Қарағанды облысында кәмелетке толмаған үш баланың жолда кетіп бара жатқан ГАЗель автокөлігіне жармасып, жол бойымен қозғалған сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 11 Маусым, 2025
Студенттер модульдік үй құрастырды
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ұстаз-студенттерінен құралған ғылыми-шығармашылық топ модульдік үй құрастырды. Төтенше жағдай туындағанда, туристік аймақтар мен вахталық кенттерде, халық тығыз орналасқан өңірлердегі баспана мәселесін шешуге арналған жоба авторлар атына патенттеліп үлгерген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Словакия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Маусым, 2025
Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы ресми сапармен келеді
16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Маусым, 2025
Нысана көздеуден Әлем кубогі кезеңінде сайысатын спортшылар
Байрақты дода – Германияның Мюнхен қаласында өтеді, оған Қазақстан құрамасы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Маусым, 2025
Астанадағы Тұран даңғылының бір бөлігі жөндеуге жабылды
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 10 Маусым, 2025
Тазалық табалдырықтан басталады
Астана ғаламдық мөлшер мерзімінде алсақ аз уақытта елдің басты ордасы болуымен қатар жаһандық жиын, мәдени майдан ошағына айналды. Сондықтан Қазақстанның келбеттік көрсеткішінің таза әрі жайлы болуы – мүдделі меже. Бас шаһар бұл тұрғыда қанатын қомдап, қарқынын үдетіп келеді. Алғашқы оң нәтижелер тайға таңба басқандай айқындалып, елорда тазалығы әлемдік рейтингтер ретіне іліге бастады. Мәселен, бұған дейін «The Telegraph» басылымы әлемдегі экологиялық ең таза қалалардың тізімін тізбектегенде Астана озық отыздың қатарынан табылды. Мұндай биік белестер қарапайым қадамдар мен жұмысшы мамандардың маңдай терімен байланысып жатқаны сөзсіз.