Ақ
Өндіріс • 17 Маусым, 2025
Ақтөбе облысында карбамид зауыты салынады
Ақтөбе облысында жобалық құны $ 1,2 млрд құрайтын карбамид зауыты салынатын болды. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің жұмыс сапары аясында «Қытай-Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық форумында ҚР Энергетика министрлігі, Ақтөбе облысының әкімдігі, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында жасалған келісім барысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Маусым, 2025
Шығыстың мергені бірінші орынды еншіледі
Орал қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан республикалық чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысының құрама командасынан 10 спортшы қатысып, әйелдер арасынан жерлесіміз Ажар Төлеуханова бірінші орынды еншіледі. Жарыста жалпы саны 260 спортшы бақтарын сынаған, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 17 Маусым, 2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында елімізде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2 001 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
16 миллионнан астам азаматтың құпиясы кімнің қолында
Цифрлы технологиялар дәуірінде азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздікпен тең мәселе. Алайда 16 маусымда Telegram желісіндегі SecuriXy.kz арнасы жария еткен дерек қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Арна таратқан мәліметке сүйенсек, 16,3 миллион қазақстандықтың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, телефон нөмірі мен тұрғылықты мекенжайы секілді құпия ақпараттар ашық желіге тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты
Ақмола облысында бір ауылдық округке қарасты екі ауыл алкогольден бас тартты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Маусым, 2025
Өңдеу өнеркәсібі – Қазақстанның шынайы әлеуеті
Экономист Айбар Олжаев Қазақстанның соңғы 30 жылдағы экономикалық даму бағытын саралай келе, елдің шын мәнінде қандай салаларда табысқа жете алатынын және қандай бағыттардың әлі де арман күйінде қалғанын айтты. Тек соңғы жылдары ғана мемлекет өз мүмкіндігін нақты бағалап, өңдеу өнеркәсібін басты бағытқа айналдыра бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды
Қазақстанда еңбек нарығындағы сұраныс артып келеді. 2025 жылы ел экономикасына 239 мыңнан астам жаңа маман қажет болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Маусым, 2025
Садақ атудан ел чемпионаты мәресіне жетті
Шымкент қаласында дәстүрлі садақ атудан өткен ересектер арасындағы ҚР чемпионатының финалында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мергендер арасында үздіктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мәліметіне сілтеме жасап.
Әскер • 17 Маусым, 2025
Ақтауда «Каспий самалы-2025» әскери жаттығуы басталды
Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Ақсу ферроқорытпа зауытына айыппұл салынды
Ақсу ферроқорытпа зауыты экологиялық заңбұзушылықтар үшін 850 миллион теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Ақтөбе медициналық орталығының мамандары 30 мамыр күні Расул мен Полина Саматовтардың отбасында Амир, Амин және Айшаның дүниеге келуіне себепкер болды. Үш сәби қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Араб әмірлігінен 300-ден астам қазақстандық қайта алмай отыр
Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығыс салдарынан шамамен 300-ге жуық қазақстандық азаматтың Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) Қазақстанға ұшу рейстері кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Мектеп • 17 Маусым, 2025
Елімізде 200-ден астам жаңа мектеп салынады
2025-2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп (жартысына жуығы ауылдарда орналасады) салу жоспарға алынған. Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Қазақстанға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров келді
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2025
2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің жалпы саны 6,3 миллионға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Маусым, 2025
Қазақстан құс тұмауынан ада ел мәртебесін алды
Жануарларды қорғаудың дүниежүзілік ұйымы (ЖҚДҰ) Қазақстанның жоғары патогенді құс тұмауынан ада ел мәртебесіне ие екендігі жөніндегі өзіндік декларациясын ресми түрде мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 16 Маусым, 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Маусым, 2025
Қазақстанда көмір химия зауыты салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қытайдың Shandong Energy Group Co. компаниясының басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесу өткізді. Басқосуда энергетика саласындағы стратегиялық әріптестік мәселелері, соның ішінде Қазақстанда көмір химия зауытын салу жөніндегі бірлескен жоба кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Маусым, 2025
Қазақстан мен Қытай энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті
Елордада Power Central Asia + China атты алғашқы өңірлік энергетикалық форум өз жұмысын бастады. Ауқымды іс-шараны еліміздің Энергетика министрлігі мен «инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығы» бірлесіп ұйымдастырып отыр. Форум «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында өткізіліп, энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы екіжақты стратегиялық бастамаларға жол ашуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2025
Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды
Үндістаннан Лондонға бағыт алған Air India AI171 ұшағының ұшу мәліметтерін жазу құрылғысы мен ұшқыштар кабинасындағы әңгімелерді жазатын құрылғы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 16 Маусым, 2025
Созақ ауданына 1,5 млрд текше метрден астам су жеткізілді
Түркістан облысының Созақ ауданына Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан 1,5 миллиард текше метрден астам су бағытталды. Бұл жұмыс былтыр қыркүйек айынан бастап қолға алынып, биылғы сәуірдің соңына дейін жалғасты. Судың берілуі табиғи экожүйені қолдау мақсатындағы іс-шаралар аясында жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2025
Стратегиялық зерттеулер институтына жаңа директор тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Маусым, 2025
Астанада Әкелер күніне орай шеберлік сағаты өтті
Астанада Әкелер күніне орай балалар мен олардың әкелеріне арналған бірегей шеберлік сағаты ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 15 Маусым, 2025
Сақтандыру компаниясы қос аяғынан айрылған балаға жедел төлем жүргізді
Алматыдағы сақтандыру компаниясы Астанада орын алған жол апатынан зардап шеккен баланың отбасына тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру аясында 19,66 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемін жүзеге асырды. Өйткені, автопарктің жауапкершілігі «Евразия» сақтандыру компаниясына жүктелген, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Маусым, 2025
Қазақконцерт симфониялық музыка кешін ұсынды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елордалық көрерменге керемет классикалық музыка кешін өткізді. Сахнада әйгілі испан музыканты, дирижёр, пианист әрі композитор Мануэль Тэвар және халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Макпал Кабден өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Маусым, 2025
Таяу Шығыстағы шиеленіс: қазақстандық туристер Дубайдан шұғыл эвакуацияланды
Таяу Шығыста жағдайдың ушығуына байланысты Дубайдан қазақстандық туристер мінген екі рейс Алматыға қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 14 Маусым, 2025
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірқатар елдерге ұшуға тыйым салынды – Көлік министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайға байланысты бірқатар елдердің аумағында ұшуға тыйым салынғанын мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің ресми хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 13 Маусым, 2025
Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дүркіреп өтті
Қазақтың мерген қызының мерейтойына 80 киіз үй құрылды, осылайша этноауыл бой көтерді. Ғасырлық тойға жиналған қонақтар қазақтың ұлттық ойындарын тамашалап, алтыбақанда ойнап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Маусым, 2025
«Ғасырларға жалғасқан ерлік» республикалық форумы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды
Форумға қатысу үшін Ресейден және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен делегациялар келді. Бұл шара мерейтойлық жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде атап өтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Маусым, 2025
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
2025 жылдың 12 маусымына қараған түні Ақмола облысында Астана – Ерейментау – Шідерті бағытындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.