ер
Жұмыс • 10 Маусым, 2025
Еңбек нарығындағы ауқымды өзгерістер талқыланды
Женева қаласындағы Ұлттар сарайында өткен Халықаралық еңбек конференциясының 113-сессиясында еліміздің Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ұйымның нақты ұсыныстарын жария етті. Оның мәлімдеуінше, бұл саладағы бастамалар тек өз еліміз үшін ғана емес, сондай-ақ өтпелі экономикасы бар басқа мемлекеттер үшін де пайдалы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Маусым, 2025
Елімізде жаңа Су кодексі күшіне енді
Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген аталған құжатта – су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді. Енді су бассейндері бойынша құрылған кеңестер су пайдалануды шектеу, су тасқыны мен қуаңшылықтың алдын алу, жергілікті биліктің қателіктерін түзету туралы ұсыныстар бере алады. Сонымен қатар, құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді. Яғни, ол – халықты және экономиканы су тапшылығы мен су көздерінің ластануынан қорғау, сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын қорғауда еліміздің мүддесін қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Су көздерінің тартылып кетуінің алдын алу үшін «экологиялық ағын» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл – өзен, көл, теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажетті ең төменгі су деңгейі, деп хабарлайды Egemen.kz сала министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Маусым, 2025
Абай облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды
Абай облысының прокуратурасы пайдаланылмаған және заңсыз берілген жер учаскелерін анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 10 Маусым, 2025
Қазақ боксшылары халықаралық турнирде көш бастады
6-9 маусым аралығында Нидерландыда Eindhoven boxcup халықаралық турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2025
Қандыағашта жалған блогер ұсталды
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласының 35 жастағы тұрғыны өзін «блогермін» деп таныстырып, төрт азаматтан алдау жолымен он миллион теңгеден астам қаражатты иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Маусым, 2025
ҰБТ кезінде 208 түлек ереже бұзған
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі 16 мамырдан негізгі ҰБТ басталғалы 164 мыңнан астам тестілеу өткізілгенін мәлімдеп, үш апталық аралық қорытындыны шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2025
Қазақстан балалары неше жастан бастап интернет қолданады
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева ЮНИСЕФ жүргізген зерттеу нәтижелерін жариялады. Зерттеу балалардың цифрлық кеңістіктегі мінез-құлқы мен онлайн ортадағы қауіпсіздігіне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2025
Өткен аптадағы спорттық жетістіктер
Қазақстан спортшылары өткен аптада спорттық гимнастика, жеңіл атлетика және теннис ойындары бойынша жарқын жеңістерге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
Ұлттар лигасының финалдық ойыны кезінде жанкүйер қаза тапты
Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында Ұлттар Лигасының финалдық ойыны барысында қайғылы оқиға орын алды. Испания мен Португалия құрамаларының кездесуінде бір жанкүйер биіктігі шамамен сегіз метр болатын жоғарғы ярустан баспасөз секторына құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 09 Маусым, 2025
Мейіргер ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалды
Орал – Шарм-эль-Шейх рейсінде ұшақ жолаушыларының бірі кенеттен қан қысымы күрт төмендеп, есінен танып, құса бастаған мезетте жәрдемге мейіргер Динара Сариева келген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2025
ШҚО-да орманда жоғалған зейнеткер табылды
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі орманда адасып кеткен қарт әйелді бір тәулік ішінде тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2025
Белгілі публицист Мақсот Ізімұлы көз жұмды
Белгілі журналист, публицист Мақсот Ізімұлы 65 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды әріптесі, қаламгер Мақсат Тәж-Мұрат жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 09 Маусым, 2025
Қазақстандықтардың жеке дерегін сатумен айналысқан топ ұсталды
ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Қазақстанға Словакия Премьер-министрі ресми сапармен келеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Маусым, 2025
Ақтөбелік құтқарушыларға жаңа техника мен қызметтік пәтерлер берілді
Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Асхат Шахаров өңірдің құтқару бөлімшелеріне арнайы техниканы салтанатты түрде табыс етті, сондай-ақ аудандық қызметтердің үздік қызметкерлеріне 10 қызметтік пәтердің кілтін тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 08 Маусым, 2025
Модельдік цифрлық фабрикалар: 45 өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда
«Модельдік цифрлық фабрикалар» жобасы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оларды Индустрия 4.0 интеграциясына бағытталған Қазақстан өнеркәсібінің цифрлық трансформациясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 08 Маусым, 2025
Осы жұрт Байкөкшені білеме екен?
Түгін тартсаң майы шығатын, тасын түртсең тарихы сөйлейтін шежірелі Шыңғыстаудың бауырында әлі де бүккен сыр көп. Соның бірі – ақын Байкөкше Балғынбайұлының тарихы. Бүгінде ақынның 130 жылдан кейін ескі қорымы табылып, ел-жұрты еске алып жатыр, деп жазады Egemen.kz. Egemen.kz.
Мереке • 08 Маусым, 2025
Рәміздер күні үлкен шара болды
Мемлекеттік рәміздер күнінде Петропавлдағы И.Шухов атындағы кітапханада полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер қатысқан үлкен патриоттық сағат өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 07 Маусым, 2025
Қырғызстанда болған жер сілкінісі Алматыға дейін жетті
Бүгін таңда Қырғызстан аумағында жер сілкініп, қуаты Алматыға дейін сезілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Маусым, 2025
Боксшылар Нидерландта күш сынасады
6-9 маусым аралығында Нидерландта бокстан «Eindhoven Boxcup» деп аталатын халықаралық турнир өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды
ҚР ҚМ аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қорғаныс министрлігінің делегациясы Ұлыбританияда ресми сапармен болды. Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарының құжатына Лондон қаласында қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Маусым, 2025
Мемлекетке қайтарылған жерлердің жартысы игеруге берілді
Аталған мәліметтер 5 маусымда Үкімет үйінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 06 Маусым, 2025
Гимнастар қола жүлде жеңіп алды
Оңтүстік Кореяда спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 5 маусымда басталды. Қазақстанның ерлер құрамасы командалық көпсайыста қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Қазақстан мен Қытай бірлескен тасымал жүйесін құрады
4 маусымда Алматыда «Қытай (Шаньдун) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі конференция өтті. Екі елдің билік, бизнес және инвестициялық құрылым өкілдері қатысқан іс-шара барысында Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Қытай делегациясының басшысы – Шаньдун провинциясы губернаторының орынбасары Сун Цзюньцзимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 06 Маусым, 2025
Қасиетті мереке елімізге ырыс-несібесін ала келсін - Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектеновтің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Үкіметтің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 06 Маусым, 2025
Мәжіліс төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Ерлан Қошановтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Мәжілістің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 06 Маусым, 2025
Мәулен Әшімбаев: Құндылықтар дін мен дәстүр сабақтастығының жарқын көрінісі
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Құрбан айт мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде құттықтауы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Маусым, 2025
Президенттің атына Құрбан айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 05 Маусым, 2025
АЭС экономиканың мультипликативті дамуына серпін береді - Саябек Сахиев
Қазақстан алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысын бастауға дайындалып жатыр — бұл қадам елдің энергетикалық картасын өзгертуге қабілетті. Алайда, айқын мәлімдемелердің артында сан алуан жорамалдар да бар. Осы орайда, Zakon.kz Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевтен қоғамда туындаған түрлі болжамдарға түсініктеме беруін сұрады.
Шаруашылық • 05 Маусым, 2025
Қазақстанда мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтілді
Астанада Мал шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері, салалық қауымдастықтар, ғалымдар, фермерлер мен елдің түрлі өңірлерінен келген еңбек озаттары иелері қатысты, деп жазады Egemen.kz.