ас
Президент • 26 Мамыр, 2025
Президент Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің Президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Мамыр, 2025
«Бөкейорда» табиғи резерватының басшысы қамауға алынды
Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ-нің бас директоры жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шахмат • 26 Мамыр, 2025
Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағын жеңіп алды
Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева БАӘ-де өткен беделді Sharjah Masters 2025 супертурнирінде тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2025
Мәжіліс депутаттары әскери колледжде көшпелі отырыс өткізді
Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2025
Семейдегі аспалы көпірді жөндеу жұмыстары басталды
26 мамыр - 20 маусым аралығында Семейдегі аспалы көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол жамылғысы жаңартылады, деп жазады Egemen.kz alashtimeskz-ке сілтеме жасап.
Президент • 26 Мамыр, 2025
Президент қоғам қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Аққорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы маңызды кездесулер өткізеді
Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірқатар маңызды халықаралық және ішкі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Мамыр, 2025
UFC чемпиондары Астанада айқасқа түседі
Елордада ALASH PRIDE лигасының 15 жылдығына орай айтулы дода өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz промоутерлік компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Мамыр, 2025
Астанада Кенесары ханның ескерткіші тұғырына қайта қонды
Астанада Кенесары ханның ескерткіші тұғырына қайта орнатылды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 25 Мамыр, 2025
Каспий жағалауынан тағы жүзден астам өлі итбалық табылды
Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан екі күн ішінде 100-ден астам өлі теңіз жануары табылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті мәләмдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
Астанада «Айбын» жастар сайысына іріктеу кезеңінің жеңімпаздары аталды
68665 әскери бөлімінде жарыстар өтіп, нәтижесінде Ақтөбе қаласында өтетін XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысатындар анықталды.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
БҰҰ миссиясының қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлермен кездесті
Қазақстандық бітімгерлік контингентінің орналасқан жеріне «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» БҰҰ миссиясының қолбасшысы генерал-майор Анита Асма танысу сапарымен келді.
Үкімет • 23 Мамыр, 2025
Қытай корпорациясымен бірлескен жобалар талқыланды
Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) президенті Хоу Цицзюньмен жұмыс бабындағы кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 23 Мамыр, 2025
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу талабы түсіндірілді
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің талаптарын түсіндіру мақсатында мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың жас мамандарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Елімізде 11 мыңға жуық отбасыға тұрғын үй жалға берілген
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде және биыл атқарылатын жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 23 Мамыр, 2025
Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионаты финалында 54 келіде Элина Базарова қоржынға алғашқы алтын медальді салды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2025
Президент ҰҚҚ төрағасын қабылдады
Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Мамыр, 2025
Олжас Бектенов тау кластерін дамыту тәсілдерімен танысты
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді. Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылығы және отандық, халықаралық сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен саланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 23 Мамыр, 2025
«Келешек» жүйесінің алғашқы төлемін қашан алуға болады
235 920 теңге көлеміндегі мемлекеттік білім беру капиталын отандастарымыз осы жылдың 31 тамызына дейін алатын болады. Ол биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толған немесе толатын балаларға есептеледі. Мемлекеттен осы материалдық қолдауды алу үшін Отбасы банкте «AQYL» білім беру жинақтау салымын ашу қажет. Бүгінгі күннің өзінде 6 624 ата-ана аталған депозиттерді ашып үлгерген екен, деп хабарлайды Egemen.kz Отбасы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • 23 Мамыр, 2025
Қазақстан Қарулы күштерінің делегациясы Түркияға барды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен Қазақстан Қарулы күштерінің делегациясы Анкара қаласына барды. Сұлтан Қамалетдинов Түркия Қорғаныс министрі Яшар Гюлермен және Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығы армия генералы Метин Гюракпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2025
Н.Әбдіров халықаралық әріптестерімен электоралды мәселелерді талқылады
Осы айдың 19-20 күндері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Польша Республикасына жұмыс сапары аясында электоралдық процес мәселелері бойынша халықаралық әріптестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Іс-шараларға ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 23 Мамыр, 2025
Кластерді іске қосу еліміздің тау туризміндегі орнын айшықтайды
Алматы маңында кластерді іске қосу – туризмді одан әрі дамытуды көздеп, аймақтық әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға үлес қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2025
Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Жасыл климат қорының ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 23 Мамыр, 2025
Алматы тау кластеріне туристерді тарту жұмыстары жанданады
Еліміздің туристік тартымдылығын арттыра түсу мақсатында Алматы тау кластерін дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Халықаралық тәжірибе тауға шығатын туристер саяхат үшін жазғы не қысқы маусымның тиімді тұстарын саралаған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Мамыр, 2025
Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 23 Мамыр, 2025
Алматыда 9 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты
Қалада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Бүгінде 14-35 жас аралығындағы тұрғындар саны 695,6 мыңнан асады. Бұл мегаполис халқының 32 пайызы. Оның 442,3 мыңын жұмыс істейтін жастар құрайды. Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитындары 287,4 мыңды құраса, 80 мыңға жуығы жоғары сынып оқушылары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Ұлытауда отбасылық сурет көрмесі өтті
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және отбасылық құндылыққа деген құрметті қалыптастыру мақсатында Жезқазған қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектепте «Отбасылық сурет көрмесі» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Мамыр, 2025
Алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жоспары талқыланды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Дания Корольдігінің Ресей Федерациясындағы, Қазақстан Республикасындағы және Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Йеспер Вармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Танымал журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті
Танымал спорт журналисі, БАҚ саласының белгілі өкілі Диас Ахметшәріп 49 жасында өмірден өтті. Мәліметті Туризм және спорт министрлігі растады.