ат
Шымкент • 10 Шілде, 2025
Депутат Шымкенттегі оңалту орталығына барды
Бүгін Мәжіліс депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Динара Наумова жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды. Депутат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдайтын ұйымдардың оңалту, лицензиялау және тұрақты жұмыспен қамту мәселелеріне назар аударды. Д.Наумова он жылдан астам уақыт бойы түзеу және оңалту қызметін көрсетіп келе жатқан «Өркен» қайырымдылық қорында болды. 2025 жылы жаңа лицензиялық талаптарға байланысты мұндай жеке орталықтар жабылу қаупіне ұшыраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Шілде, 2025
Елімізде «Алатау аманаты» жобасы іске қосылды
Туризм саласы – ұлттық экономика өсіміне тың серпін беретін бағытқа айналып келеді. Мемлекет басшысы айқындап берген саланы дамыту жөніндегі басымдықтарға сәйкес, «AMANAT» партиясы еліміздің негізгі табиғи ландшафттарын қамтитын ұлттық туристік соқпақтар жүйесі – «Алатау аманаты» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz. аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Шілде, 2025
Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды
Бүгін шамамен сағат 10:30-да Төлепов пен Жилстроевская көшелерінің қиылысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Апат салдарынан 25 жастағы жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Шілде, 2025
Алакөлде адамдар отырған катамаран істен шыққан
Оқыс оқиға Абай облысы Мақаншы ауданы аумағындағы Алакөл көлінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Шілде, 2025
Астанада каратэден халықаралық турнир өтеді
Бас шаһардың Beeline Arena спорт кешенінде осы айдың 11-13 күндері WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтіп, оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және бейтарап команда құрамында Ресей Федерациясы, яғни 6 елдің командаларынан шамамен 700-800 спортшы қатысады. Аталған турнир елімізде сегізінші рет ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 10 Шілде, 2025
Қазақстанға келген туристер санын есептеу жүйесі өзгереді
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылдан бастап ұялы деректер негізінде цифрлық статистикаға көшеді, деп жазады Egemen.kz.
Баға • 10 Шілде, 2025
Азық-түлік бағасы неге арзандамай тұр?
Азық-түлік бағасының тұрақсыздығы қарапайым халықты қатты толғандырып отырғаны рас. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын кім және қандай жолмен реттеп отыр деген сауал жиі көтеріледі. Сонымен қатар елорда тұрғындары күнделікті ас-ауқатқа қанша қаржы жұмсайды? Осы мәселелердің мән-жайын анықтау мақсатында «Астаналық» базары мен «Magnum» сауда желісіне арнайы барып, тұтынушылардың пікірін білдік.
Заң • 10 Шілде, 2025
Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылды ма? Полиция жауап берді (видео)
9 шілде күні қайырымдылық қорына түскен 3,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өткен еді. Сот залында П.Қайрат тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылғанын айтқан болатын. Бүгін Астана қалалық полициясы күдіктінің мәлімдемесіне жауап беріп, оқиға болды делінген күннің бейнежазбасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Шілде, 2025
Бүгін елімізде ауа райы тұрақсыз болады
Бүгін еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Шілде, 2025
Судья Перизат Қайратқа қатысты процесс неге ішінара жабық өтетінін түсіндірді
9 шілдеде Перизат Қайрат және оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты 3,5 млрд теңге жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 09 Шілде, 2025
Алматының таулы аумақтарында тасқын болуы мүмкін
Құтқарушылар ауа райына байланысты ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 09 Шілде, 2025
Алматы әуежайының президенті Гокер Косе ICAO басшысы Сальваторе Шаккитаномен кездесті
9 шілдеде Қазақстанға ресми сапары аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитано Алматы халықаралық әуежайына келді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Шілде, 2025
Матвей Макрушин Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Астана қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Шілде, 2025
Жарты ғасыр жөндеу көрмеген Сәтбаев каналы жаңғыртылып жатыр
9 шілде күні Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары Нұржан Әшімбетов, Вера Ким және Жарқынбек Амантай Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың №2 сорғы станциясындағы жаңғырту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Шілде, 2025
Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» синоптиктері 10-12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Астана мен Алматы қалаларында күн күркіреп, жаңбыр жауып және бұршақ түсуі мүмкін. Кей күндері жауын-шашынсыз, бірақ жел күшейіп құбылып тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Алматыдағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады
Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы қала аумағындағы бірнеше әлеуметтік нысанды мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Жантөре Айтжанов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Депутаттар өңірлік инфрақұрылым тапшылығына алаңдаулы
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Дүйсенбай Тұрғанов пен Әділ Жұбанов Атырау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі өндірістік және инфрақұрылымдық жобалардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 09 Шілде, 2025
Алматыдағы хостель өртіне кінәлілерге үкім шықты
2023 жылдың 30 қарашасында Алматыдағы хостельдердің бірінде өрт болып, 13 адам қаза тапқан еді. Бүгін Алмалы аудандық соты қайғылы оқиғаға қатысты ALA Hostel директоры Әділбек Мұхамедьяров пен «Гидсервис» компаниясының иесі Александр Пекельникті кінәлі деп тапты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Шілде, 2025
Қазақстанда ең арзан үйлер қай өңірде
Ұлттық статистика бюросы маусым айындағы тұрғын үй нарығының қорытындыларын шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Перизат Қайраттың соты жартылай ашық форматта өтеді
Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Істі қараған қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Сабыржан Каримов қорғау тарапының өтінішін ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады
Алматы облысы полиция департаменті өңір әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың апатқа ұшырағанын растады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 09 Шілде, 2025
Төрехан Сабырхан әлем чемпионатына бара ма
Осы жылдың 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді. World Boxing ұйымы ұйымдастырған былғары қолғапшылардың бәсекесінде 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Шымкентте театр басшысы ірі көлемде қаржы жымқырған
Шымкент қаласындағы «Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты ірі көлемдегі қаржы жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің қалалық департаменті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 08 Шілде, 2025
Алматы полициясы шетелдік компанияларды көлік нөмірін сарыға ауыстыруға шақырды
Алматы полициясы шетелдік компанияларға тиесілі көліктердің мемлекеттік нөміріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Шілде, 2025
Мемлекеттік өнер музейінде сыра таратылған
Блогер Құрманғазы Нияз әлеуметтік желіде Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде сыра таратылғаны туралы видео жариялады, деп хабарлады Egemen.kz.
Табиғат • 08 Шілде, 2025
Ақтау тұрғындары аспандағы таңғажайып көріністің куәсі болды
7 шілде күні Ақтау қаласының тұрғындары ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Шілде, 2025
Алматыдағы су инфрақұрылымының құрылысы депутаттардың бақылауында
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айдос Сарым мен Сергей Пономарев Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы су тарту және су тазарту қондырғысының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
Атырау облысында лотос фестивалі өтеді
Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «Лотос фестивалі – 2025» атты мәдени-туристік іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр. Фестиваль 26 шілдеде басталады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Атырауда мопедпен автобусқа соғылған жасөспірім көз жұмды
Атырау облысының Құлсары қаласында қоғамдық көлік пен мопед соқтығысты. Жол апатының салдарынан мопедті айдаған жасөспірім мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Мопед жүргізушісі полицейді қағып, қашып кетпек болған
Алматы қаласының Төле би даңғылында полиция қызметкерін қағып, қашқан 20 жастағы мопед жүргізушісі ұсталды, деп жазады Egemen.kz.