ер
Президент • 05 Мамыр, 2025
Президент әскери шен беру туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың бапсаөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Мамыр, 2025
Бірқатар әскерилер мемлекеттік марапат алды
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 05 Мамыр, 2025
Шерзат ісі: Жаңа куәгерлер оқиғаның мән-жайын баяндады
2025 жылдың 5 мамырында Шерзат Болаттың қазасына байланысты өтіп жатқан сот процесі барысында тағы екі куәгер – Арлан Құсайынов пен Данияр Жанболатұлы сотта түсініктеме берді. Олар қазан айының басында болған қайғылы оқиғаға қатысты өз көзқарастарын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 05 Мамыр, 2025
Биші әжелер халықаралық байқаудан бас жүлде алды
Нұра ауданының биші әжелерінен құралған «Қыздарай» ансамблі Ташкент қаласында өткен халықаралық «SUMMER FEST TASHKENT» көп жанрлы конкурсында жүлдегер атанды. Аталған би байқауына Қазақстан, Өзбекстан, Ресейден 20-дан астам би ұжымы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыстады
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Мамыр, 2025
Еңбеккерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
Елордада «Ғасырлық тәжірибе: тарихтан тағылым – болашаққа бағдар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, оған Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) өкілдері, халықаралық кәсіподақ бірлестіктері, орталық мемлекеттік органдар, Мәжіліс депутаттары, ғалымдар, кәсіподақ ардагерлері мен белсенділері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 05 Мамыр, 2025
Төрт ұрпаққа жалғасқан әскери қызмет
ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының курсанты Асқар Жалеловтің отбасы ұзақ жылдардан бері әскери қызмет атқарып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2025
Елімізде 20 жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға беріледі
Бұл игілікті іс ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бастамасымен жүзеге асады. Заманауи көпфункционалды нысандар өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің жұмысын жеңілдетіп, жеделдігін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 04 Мамыр, 2025
Көкшетауда 90 жұмыссыз жаңа мамандық алады
Жұмысшы мамандықтар жылына орай мемлекет жұмыспен қамту шараларын мейлінше күшейтіп, жұмыссыздарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып жатыр. Соның бірі қысқа мерзімді курстарды оқып, небары жарты жылдың ішінде сұранысқа ие маман иесі атануға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Мамыр, 2025
Ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеру мәселесі талқыланды
Жетісу облыстық әдістемелік орталық – республикадағы алдыңғы қатарлы білім беру мекемесінің бірі. Ұйым өз жұмысында жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Талдықорғанда өткен қысқамерзімді тағылымдама да осы бағыттағы маңызды істер сараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 03 Мамыр, 2025
Астанада әскери шеру қалай өтеді?
Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты әскери шеруге қызу дайындық жүріп жатыр. Ел астанасының орталық көшелерінде күн сайын әскерилер сап түзеп, арнайы техникалар шеру тәртібімен жүріп өтуді пысықтауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 03 Мамыр, 2025
Кеше Петропавл қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстың Құрметті азаматы болған Сапар Дүйсенұлы Дүйсеновтің «Егемен Қазақстан» көшесіндегі тұрған үйіне ескерткіш тақта ортатылды.
Мәдениет • 03 Мамыр, 2025
Петропавл қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналып өткізіліп жатқан шаралардың қатарында Ермек Серкебаев атындағы Өнердегі дарынды балаларға арналған мектеп пен өнер колледжі оқушыларының облыстық филармонияда қойған концерті жоғары дәрежеде болды деп айтуға болады.
Қоғам • 03 Мамыр, 2025
Сыр елі — батыр бабаларымыздың ізі қалған қасиетті топырақ. Ұлы отан соғысына бір ғана Қазалы ауданынан 10 770 азамат майданға аттанған.
Мереке • 03 Мамыр, 2025
Ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагер Фёдор Щегловты арнайы құттықтады.
Үкімет • 03 Мамыр, 2025
Риддер қаласындағы ЖЭО-ның жөндеу жұмыстарына шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулығы Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Спорт • 02 Мамыр, 2025
Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері қайтыс болды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан өзінің алғашқы бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Виктор Дмитриевтің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
«Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан аттанған майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-порталы Жеңіс күніне орай арнайы жаңартылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Алматылық Олимпиада жүлдегерлері уәде етілген үйлерін алды
Бүгін Париждегі жазғы Олимпиадада көк байрағымызды желбіреткен Олимпиада жеңімпаздары Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың қолынан жаңа пәтерлердің кілттерін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлының батальонында болған майдангер
ІІ дүниежүзілік соғыстың белең алған сәтін халыққа жеткізіп, баяндап отыру қалам ұстаған қауым үшін оңай болған емес. Жеңіс туы желбірегенше амалсыз айтылды, ынтасыз жазылды. Жеңіс күні қантөгіс те, аты өшкір жағымсыз сөзді жазу да сап тиылды. Содан бері соғыс жайлы жылына бір Жеңіс күні ғана еске алатын болдық. Ал биыл дүниенің астан-кестенің шығарған оқиғаның аяқталғанына 80 жыл.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Қарағандыда «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті
Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған дәстүрлі «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті. Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері, «Әлияшылар» ұйымының қыздары, әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, әскери кафедралар мен 100-ден астам жоғары сынып оқушылары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Димаштың концертіне жалған билеттер сатылып жатыр
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Лондон мен Ригада өтетін концерттеріне жалған билет сататын сайт пайда болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
7 мамырда Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру өтеді
7 мамыр күні Астанада екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад өтеді. Салтанатты шара елорданың басты алаңдарының бірі Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Мамыр, 2025
Елімізде әскери ұшақтар ақылы қызмет көрсетуі мүмкін
Елімізде әскери-көліктік авиациясын азаматтық және коммерциялық жүк тасымалында пайдалануға рұқсат беретін заң жобасы ұсынылды. Бұл құжатты ҚР Қорғаныс министрлігі әзірледі. Жоба аясында бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2025
Павлодарда 70 млн теңгеден астам қарызы бар борышкер ұсталды
Ер адам екі жыл бойы қарызын төлемей қашып жүрген. Ол бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 01 Мамыр, 2025
Жезкент – Абай облысы Бородулиха ауданындағы кенге бай кент. Жол түсіп Жезкентке де жеттік. Мұнда келудегі мақсатымыз – диаспоралар достығы мен өндірісте істейтін еңбек адамдарының тыныс тіршілігімен танысу еді.
Медицина • 01 Мамыр, 2025
Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді
Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 01 Мамыр, 2025
Бірлік мерекесіне ондаған этнос өкілі қатысты
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған өңірдегі барлық этнос өкілдері бір кісідей қатысып, достық дастарханын жайып, ұлттық киімдер додасында бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Қонаев қаласында бірлік күніне орай ауқымды іс-шаралар өтті
Қазақстан халқының бірлігі күніне және «Таза Қазақстан» мемлекеттік акциясы аясында Шеңгелді ауылында 10 мың ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Мамыр, 2025
Астанада бірлік күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр
Астанадағы «Жастар» сарайында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.