көлік
Қоғам • 11 Маусым, 2025
Депутат кептелісті азайту үшін жұмыс күнін ерте бастауды ұсынды
Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин елорда мен ірі қалалардағы көлік кептелісін азайту мақсатында мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жұмыс күнінің басталу уақытын таңғы 7:00–8:00-ге жылжытуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Маусым, 2025
Ақтөбелік құтқарушыларға жаңа техника мен қызметтік пәтерлер берілді
Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Асхат Шахаров өңірдің құтқару бөлімшелеріне арнайы техниканы салтанатты түрде табыс етті, сондай-ақ аудандық қызметтердің үздік қызметкерлеріне 10 қызметтік пәтердің кілтін тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Маусым, 2025
Марат Қарабаев Көлік министрі қызметінен кетті
Ақорда Марат Қарабаевтың Көлік министрі қызметінен кеткенін хабарлады.
Заң • 06 Маусым, 2025
Жол қауіпсіздігіне жетілген шаралар керек
Жуырда петропавлдың жол сақшылары көлік жүргізуге құқығы жоқ 17 жасар жасөспірімді қаланың орталық көшелерінің бірінде «Audi» көлігін жүргізіп бара жатқан жерінен ұстады. Бұл баланың бірінші рет ұсталуы емес, бұған дейін де ол ұсталып, ата-анасы айыппұл төлеген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2025
СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Жыл басталғалы бері Солтүстік Қазақстан облысында 184 жол-көлік оқиғасы болған. 7 адам қаза тапқан. 256 адам жарақат алған. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейдтер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2025
Инватакси қызметіне арнайы автокөліктер берілді
Алматы облысында арнайы қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолдауымен өңірдің қала және аудандары ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы автокөліктермен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 04 Маусым, 2025
«Автокөліксіз бір күн» челленджі жарияланды
Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз бір күн» челенджі басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 03 Маусым, 2025
Жетісуда жедел-жәрдем көлігі аударылды
Жетісу облысы, Текелі қаласында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, төрт адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің үшеуі ауруханаға жатқызылып, біреуі үйіне жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2025
Павлодарда жетім балаларды тасымалдауға жаңа көлік берілді
Облыс әкімі Асайын Байханов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсететін 8 мекемеге шағын автокөліктердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 30 Мамыр, 2025
Мәжіліс депутаты ақылы тонировкаға рұқсат беруді ұсынды
Қазақстанда көліктердің алдыңғы бүйірлік әйнектерін қараңғылауға тыйым салынғанына он жылдан асты. Алайда бұл мәселе қайта күн тәртібіне шықты. Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков бұл тыйымды ақылы негізде заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2025
1 маусымнан бастап жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізді. Бұл шаралар күннің ыстық кезеңінде жол жамылғысын сақтап қалу және қауіпсіздікті арттыру мақсатында қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2025
Шетелдіктің көлігін заңсыз иемденген алаяқтар ұсталды
Жетісу облысының 33 және 34 жастағы тұрғындары Қытай азаматына тиесілі көлікті Грузияға жеткізіп береміз деген сылтаумен иемденіп, сатып жіберген, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 25 Мамыр, 2025
Жазғы маусымда Алакөлге демалатындар үшін көлік қатынасы айтарлықтай жеңілдеді. Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл демалыс орнына қосымша пойыз бағыттары мен әуе рейстері қосылады. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автожолдар да саяхатшыларға сақадай сай.
Экономика • 24 Мамыр, 2025
Автомобиль өнеркәсібі сенімді өсімді көрсетіп, компоненттік базаны кеңейтіп келеді
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі тұрақты өсімді және компоненттік базаның белсенді дамуын көрсетіп отыр. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша сала кәсіпорындары 145 290 бірлік техника, оның ішінде 134 мың жеңіл автокөлік, 7 705 жүк көлігі, 2 942 автобус және 665 арнайы техника шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Заңсыз тіркелген автокөліктер мемлекетті шығынға ұшыратқан
Қаржы мониторинг агенттігі (ҚМА) заңсыз тіркелген автокөліктер мемлекетке 11 млрд теңгеден астам шығын әкелгенін мәлімдеді. Сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет жаңа автокөліктерді елге әкелуді қолдап, ынталандырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Ақылы автотұрақтар қаншалықты тиімді
Астанада көлік саны жылдан-жылға артып келе жатқандықтан, тұрақ мәселесі де қала тұрғындарының уайымына айналды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін елорда көшелеріне ақылы автотұрақ жүйесі енгізілген еді. Алайда, бұл тұрақтар да жүргізушілер үшін қолайлы болмай шықты. Қала тұрғындарының бірі оны тәртіп орнатудың амалы десе, енді бірі ақша табудың құралы деп санайды. Жалпы ақылы автотұрақ қаншалықты тиімді? Осы сауал төңірегінде Egemen.kz тілшісі зерттеу жүргізіп көрді.
Үкімет • 21 Мамыр, 2025
Көлік саласын дамыту жоспары бекітілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы тыңдады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол, теңіз, әуе және автомобиль көліктерін дамыту, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Мамыр, 2025
Қостанай облысында жыл басынан бері 300-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді
Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Өңірде жол апаты салдарынан 10 адам қаза тауып, шамамен 500 адам түрлі жарақат алған. Осыған орай, полиция қызметкерлері жол үстіндегі бақылау шараларын күшейтті.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Транскаспий тасымалының көлемі төмендеді
Елімізде контейнерлік тасымал көлемінің бірнеше есеге артуына Транскаспий көлік дәлізінің дамуы ықпал етіп, саладағы негізгі факторға айналды. Бұл туралы «KTZ Express» АҚ бас директорының орынбасары Айбек Қапар ESE ASIA-2025 II Халықаралық көлік форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2025
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Көліктен 300-ден астам киік мүйізі табылған
Заңсыз сауда Жетісу облысы аумағында болған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2025
Қарағандыда ветеринарларға жаңа көлік берілді
Қарағанды облысының аудандық ветеринарлық станциялары 66 жаңа көліктің кілтін алды. Өңірде автопарктің мұндай ауқымды жаңартылуы алғаш рет орын алып отыр. Бұл ветеринарлық қызмет мамандарына өз жұмыстарын тиімді атқаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Мамыр, 2025
Қазақстан экономикасы төрт айда 6 пайызға өскен
Ұлттық статистика бюросы еліміздің 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық дамуының алдын ала қорытындыларын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 06 Мамыр, 2025
Олжас Бектенов То Ламмен кездесті
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қол қойған Қазақстан мен Вьетнам арасында стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру бойынша алдағы жұмыстарға назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 06 Мамыр, 2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар инвестиция тартылады
ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Алматы әуежайын дамытуға бағытталған маңызды ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында 2025–2029 жылдар аралығында TAV Holding компаниясы 362 миллион АҚШ доллары көлемінде жеке инвестиция құюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 05 Мамыр, 2025
Енді жолдың сапасын халық бақылайды
Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын арттыруға бағытталған «Халықтық бақылау» ауқымды жобасын іске қосты. Енді әрбір азамат елде салынып жатқан күрежолдың жай-күйін бағалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Мамыр, 2025
Елімізде әскери ұшақтар ақылы қызмет көрсетуі мүмкін
Елімізде әскери-көліктік авиациясын азаматтық және коммерциялық жүк тасымалында пайдалануға рұқсат беретін заң жобасы ұсынылды. Бұл құжатты ҚР Қорғаныс министрлігі әзірледі. Жоба аясында бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Сәуір, 2025
Елордада 14 автобустың бағыты уақытша өзгереді
Астанада 1 мамырдан бастап 14 автобус бағытының қозғалыс бағыты уақытша өзгереді.
Оқиға • 29 Сәуір, 2025
Астанадағы Ж.Молдағалиев көшесінің бір бөлігі жабылады
Астанада «Е-41 көшесінен Е32 (Әйтеке би) көшесіне дейінгі учаскеде Ж.Молдағалиев көшесінің құрылысы» жобасы іске асырыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 27 Сәуір, 2025
Кендірлі әуежайы құрылысы екі ауысымда жүзеге асырылуда
Кендірлі әуежайының құрылыс барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Қазір құрылыс жұмыстары екі ауысымда атқарылып жатыр.