үкім
Үкімет • 31 Қаңтар, 2024
Үкімет шегірткемен күреске қосымша қаржы бөлді
Үкімет биыл шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауға кірісті. Бұл мақсатқа қосымша 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
Елімізде запастағы офицерлер қызметке шақырылады
Қазақстан Үкіметі 752 запастағы офицерді әскери қызметке тарту туралы қаулы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2024
Қазақстан өзінің су қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді: Үкіметте жаңа шаралар бекітілді
Үкімет отырысында Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бизнес • 30 Қаңтар, 2024
Елімізде кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағдарламасы әзірленді
Кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттардың экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары біріктіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Министрлік басшылары халықпен кездесу өткізуге міндеттеледі
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Уақтылы ақпарат алмаған адамдар дүрбелеңге жол берді - Әлихан Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматыдағы жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қаңтар, 2024
Экономиканы жаңғырту мәселелері талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов басқа жұмысқа ауысуына байланысты оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024
Маңғыстау облысының шекарасы өзгерді
Үкіметтің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы «Маңғыстау облысының шекарасын өзгерту туралы» қаулысына қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды
Үкімет резервінен қаражат бөлініп, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 1,5 млн доза вакцина сатып алынды. Бүгінгі таңда қосымша вакциналау аясында 930 мыңнан астам адам екпе алды, күн сайын 20 мыңнан астам адам вакцина алып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Қаңтар, 2024
Үкімет өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму бағыты қорытындыланды. Сондай-ақ Үкімет 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысқа дайындықты пысықтады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Қаңтар, 2024
Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 03 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі Үкіметтің жұмысына баға берді
Қазіргі таңда елде қымбатшылық белең алған. Тарифтер өсіп, жұмыссыздық мәселесі шиеленіскен. Президентпен сұхбат барысында Дихан Қамзабекұлы халықтың осы жағдайларға алаңдаулы екеніне баса мән берді. Күнделікті күйбеңнен және аяқ астынан туындайтын түйткілдерден бас көтере алмай жатқан қазіргі Үкіметтің жұмысын Қ.Тоқаев қалай бағалайтынын білді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2023
2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атап өткендей, Тұжырымдама Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында көрсетілген тапсырмасын орындау үшін әзірленген. Ол 4 негізгі бағытты қарастырады. Олар – тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2023
Үкімет көлік саласындағы жыл қорытындысын шығарды
Қазіргі таңда елімізде автомобиль, теміржол, әуе және теңіз салаларын қамтитын бірқатар ірі көлік жобасы жүзеге асырыла бастады. Үкімет 2023 жылы елімізде көлік саласының даму нәтижелеріне шолу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Желтоқсан, 2023
Qarmet -тің жаңа иесіне өндірістік қауіпсіздікті күшейту тапсырылды
Үкіметте Qarmet компаниясындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау тәртібі мен даму жоспары талқыланды. Кеңеске Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және компанияның жаңа басшысы Андрей Лаврентьев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 14 Желтоқсан, 2023
«Жасыл» технологияларды дамытуға қанша қаражат құю керек?
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында жаңартылатын энергия саласындағы жаңа жобаларды қолдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 12 Желтоқсан, 2023
Авариялар болған жағдайда шұғыл әрекет ету қажет – Премьер-министр
Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс ЖЭО мен жылу желілеріндегі штаттан тыс жағдайлардың салдарын жою және олардың орын алу мәселелері қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың мәлімдеуінше, ауа райының суытуына байланысты энергия көздері мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық ақау орын алды. Атап айтқанда, Риддер ЖЭО-сы, Теміртау 1-МАЭС-і, Екібастұз ЖЭО-сы жұмысында ақаулар болды. Аталған нысандар бойынша температуралық режим толығымен қалпына келтірілді. Сонымен қатар Степногорск, Балқаш, Ақтау, Көкшетау қалаларындағы жылу желілеріндегі технологиялық ақаулар да жедел жөнделді. Қазіргі уақытта барлық тұтынушы жылуға қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Қазақстанның су қоры 102,3 текше шақырымды құрайды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Су кеңесінің отырысында су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2023
Костенко шахтаcы: Тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия жұмысын аяқтады
Бүгін Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа ұласқан өрттің себептерін тексеру жөніндегі Үкімет комиссиясының қорытынды отырысы өтті. Қазақстанның, қиыр және таяу шетелдердің ғылыми-зерттеу және сараптамалық ұйымдарын тарта отырып, техникалық құжаттаманы, айғақтарды және басқа материалдарды зерделеу бойынша егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
Азаматтарға арналған үкімет көпфункционалды орталықта қызмет көрсетеді
Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы (КҚКО) жұмыс істей бастады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Атамекен» Ұлттық палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумның аясында жүзеге асып отыр.
Парламент • 06 Желтоқсан, 2023
«Біз бірінші рет естідік». Депутаттар министр міндетін атқарушының сөзін түсінбей дал болды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Назира Нұртілеуқызының «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау» атты баяндамасын оқу барысында қолданған «қолшатырлық сипат» терминін депутаттар түсінбей қалды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Желтоқсан, 2023
Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары 72 пайыз жаңарды
Бүгінде елімізде 49 жоғары оқу орнының педагогикалық бағыттағы лицензиялары бар, оларда жалпы саны 186 мыңнан астам адам оқиды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 01 Желтоқсан, 2023
Атырау облысындағы газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Қараша, 2023
Алматыдағы өрттің шығу себебін тексеретін арнайы комиссия құрылды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қараша, 2023
Зейнетақы қорындағы ақша инвестициялық жобаларға пайдаланыла ма?
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан кейін ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат бөлу мүмкіндігі туралы пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қараша, 2023
«9-20-25»: Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатқанын жеткізді. «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы арқылы үй үлестіруде басымдық жастарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қараша, 2023
Магистральдық желілердің 60 пайызы тозған - Үкімет басшысы
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын одан әрі дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қараша, 2023
Үкімет жаңадан салынатын теміржол бағыттарын атады
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметі және еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 15 Қараша, 2023
Шетелден қайтарылған қаражат қайда жұмсалады?
Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелден қайтарылған қаражат Үкіметтің арнайы шоты арқылы толығымен ел игілігі жолында жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.