ас
Туризм • 23 Мамыр, 2025
Кластерді іске қосу еліміздің тау туризміндегі орнын айшықтайды
Алматы маңында кластерді іске қосу – туризмді одан әрі дамытуды көздеп, аймақтық әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға үлес қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2025
Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Жасыл климат қорының ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 23 Мамыр, 2025
Алматы тау кластеріне туристерді тарту жұмыстары жанданады
Еліміздің туристік тартымдылығын арттыра түсу мақсатында Алматы тау кластерін дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Халықаралық тәжірибе тауға шығатын туристер саяхат үшін жазғы не қысқы маусымның тиімді тұстарын саралаған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Мамыр, 2025
Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 23 Мамыр, 2025
Алматыда 9 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты
Қалада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Бүгінде 14-35 жас аралығындағы тұрғындар саны 695,6 мыңнан асады. Бұл мегаполис халқының 32 пайызы. Оның 442,3 мыңын жұмыс істейтін жастар құрайды. Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитындары 287,4 мыңды құраса, 80 мыңға жуығы жоғары сынып оқушылары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Ұлытауда отбасылық сурет көрмесі өтті
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және отбасылық құндылыққа деген құрметті қалыптастыру мақсатында Жезқазған қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектепте «Отбасылық сурет көрмесі» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Мамыр, 2025
Алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жоспары талқыланды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Дания Корольдігінің Ресей Федерациясындағы, Қазақстан Республикасындағы және Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Йеспер Вармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Танымал журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті
Танымал спорт журналисі, БАҚ саласының белгілі өкілі Диас Ахметшәріп 49 жасында өмірден өтті. Мәліметті Туризм және спорт министрлігі растады.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
CNN тілшісі Астана халықаралық форумында санкциялар туралы айтады
CNN телеарнасының халықаралық тілшісі Ханако Монтгомери 29-30 мамырда Астанада өтетін Astana International Forum панельдік сессияларының модераторы болады.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Дәрігерлер фастфуд жеген 10 айлық сәбидің ішегінің бір бөлігін алып тастады
Өзбекстанда 10 айлық сәби дұрыс емес тамақтанудың салдарынан ауыр жағдайға душар болған. Дәрігерлер оның ішегінің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Мамыр, 2025
13 жасар теннисші тағы топ жарды
Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Мамыр, 2025
Елордада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 24-25 мамыр күндері өтетін жәрмеңкеде елдің түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 22 Мамыр, 2025
Ақмола астығы Еуропаға жол тартты
Ақмола облысы мен Эстония Республикасындағы Muuga Grain Terminal астық терминалы арасында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандум қабылданды. Құжат биылғы ақпанда облыс әкімінің Эстонияға жасаған жұмыс сапары аясында рәсімделген. Бұл келісім қазақстандық өнімді Еуропа нарығына жаңа логистикалық бағыт арқылы жеткізуге мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Қостанай облысында көші-қон заңын бұзған шетелдіктер елден шығарылды
Қостанай облысында көші-қон қызметінің мамандары республикалық науқан шеңберінде өткізген рейдтік іс-шаралар барысында заң бұзған шетелдіктерді ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 22 Мамыр, 2025
Астанада келесі жылыту маусымына дайындық басталды
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өткен жылу маусымы Астанада ақаусыз аяқталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелей түсу үшін тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы да қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Өзбекстанға жетер жол жеңілдеді
Енді қазақстандықтардың Өзбекстанға жеке куәлікпен кірулеріне рұқсат беріледі. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Өзбекстан президентінің жарлығына сәйкес, бұл мәселе бойынша келіссөздер 3 ай ішінде басталуы керек, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Биыл көпбалалы отбасылар 202 млрд теңге жәрдемақы алды
2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр
Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлді, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 22 Мамыр, 2025
Қылмыстық әрекеттер жалақыны заңсыз төлеу, еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушыларға материалдық көмек көрсету, үшінші тұлғаларға жәрдемақы беру арқылы жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 22 Мамыр, 2025
Қостанайда «Студент көктемі» фестивалі басталды
Қостанайда студент жастардың дәстүрлі мерекесі – «Студент көктемі - 2025» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қостанай, Арқалық, Рудный қалаларынан келген ЖОО студенттерінің басын қосқан іс-шара аясында өнер, білім, спорт жарыстары ұйымдастырылады.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Түркістан облысында он жеті Отбасын қолдау орталығы бар
Түркістан облысында жалпы 507 мыңнан астам отбасы бар. Оның 127 мыңнан астамы немесе 25,1%-ы Д және Е санатында тіркелген. Олардың саны жыл басынан бері 19 мыңнан астам отбасына, яғни 13,4%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2025
Келісімдерді бұлжытпай орындау басты талап – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті жиынында сөз сөйлеп, ұйым шеңберінде қабылданған келісімдер мен құжаттардағы ережелерді қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Мамыр, 2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін көне Будапешт шаһарында өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанға ризашылығын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 21 Мамыр, 2025
Депутат криптоактивтер жүйесіндегі кемшіліктерді атады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Олжас Құспеков Қазақстандағы криптоактивтерді реттеудегі жүйелі кемшіліктерді атап, бұл жағдай елдің қаржы жүйесіне, азаматтардың қауіпсіздігіне және мемлекеттік институттардың беделіне елеулі қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Мамыр, 2025
Астанада VII Параспартакиада өтеді
30 мамыр мен 12 маусым аралығында елордада тірек-қимыл аппараты, көру мүшелері зақымданған және интеллектуалдық даму ерекшелігі бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VII Параспартакиадасы өтеді. Бұл жарыс мүмкіндігі шектеулі жандардың спорттағы әлеуетін дамытуға және инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Әуе компаниялары отбасы мүшелерінің жүгін біріктіруі қажет - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ауыл партиясы» фракциясының мүшелері әуе тасымалы кезінде бір отбасының жүгін біріктіру мәселесін оңтайлы шешуді сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Мамыр, 2025
Сәтбаев университетінің жатақханасы заңсыз сатылған
Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның мүлкіне қатысты заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Мамыр, 2025
Көлік саласын дамыту жоспары бекітілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы тыңдады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол, теңіз, әуе және автомобиль көліктерін дамыту, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Су саласындағы жұмыстардың жылдық есебі жарияланады
Президент биыл сәуір айында қол қойған жаңа Су кодексінде көзделген талап бойынша сала министрлігінің ресми сайтында Ұлттық ақпараттық есеп жыл сайын жарияланып отырады. Бұл су қорының жай-күйі, оны қорғау-пайдалану бойынша өткен күнтізбелік жылға арналған талдау есебі, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Мамыр, 2025
Қазақстан шекарасындағы 5 кедендік бекет жаңғыртылып жатыр
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет басшысына инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол, теңіз, әуе және автомобиль көліктерін дамыту, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.