ер
Президент • 23 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Сәуір, 2025
Астанада үш ірі халықаралық көрме өз жұмысын бастады
Бүгін Астана қаласында өнеркәсіп және сумен жабдықтау саласындағы үш ауқымды халықаралық көрме өз жұмысын бастады. Олардың қатарында VI Машина жасау және металл өңдеудің халықаралық мамандандырылған Kazakhstan Machinery Fair, SU ARNASY – Water Expo XIV халықаралық су индустриясы көрмесі және ONDEU EXPO V халықаралық өңдеу өнеркәсібі көрмесі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Сәуір, 2025
Ыстамбұлда қуатты жер сілкінісі тіркелді
Ыстамбұлда қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Құқықтық терминдер – ұлттық жүйеге негізделеді
Астанада нормативтік құқықтық актілерге арналған бірыңғай сөздік әзірлеу бойынша республикалық семинар өтті. Оған Республикалық терминологиялық комиссия мүшелері, заңгерлер, лингвисттер, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2025
Президент Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев генерал Асим Мунирмен қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсуді жеңілдетуді ұсынды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Премьер-Министрге жолдаған депутаттық сауалында магистратура мен докторантураға түсу талаптарын қайта қарау қажеттігін көтерді. Атап айтқанда, ол талапкерлерге ағылшын тілінен емтихан тапсыру міндетін қайта қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 23 Сәуір, 2025
Италия премьер-министрінің Қазақстанға сапары кейінге қалдырылды
Италия премьер-министрі Джорджио Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары, сондай-ақ бірінші Орталық Азия-Италия саммиті кейінге шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Нұрсұлтан Байтілесов: Зияткерлік меншік – инновациялық экономиканың негізі
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 23 Сәуір, 2025
Биыл елімізде 62,8 млрд текше метр газ өндіріледі
Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Сәуір, 2025
Мұғалімнің атынан 9 млн теңге несие алған
Батыс Қазақстан облысында интернет-алаяқтардың әрекетінен 54 жастағы мұғалім ірі қаржылық шығынға ұшырады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Сәуір, 2025
Триатлон федерацияның президенті бекітілді
Астанада Қазақстан триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс конференциясы өтті. Дауыс беру қорытындысына сәйкес Ержан Ерікұлы Біржанов Қазақстан триатлон федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 22 Сәуір, 2025
Киіктің санын атпай-ақ реттеуге болады - депутат
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов киік санын реттеу мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы алдында журналистерге өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
Бүгін - Әскери полиция қызметі күні
1997 жылы 22 сәуірде Президент Жарлығымен әскери полиция қызметі құрылып, содан бері бұл күн ресми түрде аталып өтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Сәуір, 2025
Ақтөбеде үлескерлерді алдаған кооператив төрағасы сотталды
Ақтөбе қаласының №2 соты үлескерлерді алдау жолымен 421 млн 955 мың теңге жымқырған «Тұрғын үй-құрылыс» кооперативінің төрағасын алты жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2025
Рим Папасын жерлеу рәсімі 26 сәуірде өтеді
Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімі 26 сәуір, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2025
Атақты мүсінші Зураб Церетели өмірден өтті
Кеңес және грузин халықтарының мақтанышы, әйгілі мүсінші және суретші-монументалист Зураб Церетели 91 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2025
Газ саласындағы серіктестік нығаяды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен өткен бейресми кездесуде шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасына ілтипат білдіріп, еліміздің рухани астанасы, түркі халықтарына ортақ қасиетті мекен саналатын Түркістан қаласына сапармен келгені үшін ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 22 Сәуір, 2025
Майдангерлерді іздеуге арналған онлайн платформа іске қосылды
«Батырларға тағзым» деп аталған онлайн платформа – екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерін іздеуге және байланыстыруға арналған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
Бас прокуратура Дина Таңсәрінің Черногориядан пана сұрағанын мәлімдеді
14 сәуір күні кешке Дина Таңсәрі өзінің Черногорияда ұсталғанын, полиция бөлімінде екенін және оны экстрадициялау ісі 15 сәуірде өтетінін айтқан еді. 15 сәуірде Черногория билігі NeMolchi.kz қорының басшысын қамаудан босатқаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 22 Сәуір, 2025
«Қазақ этнографиясы» – түркі рухының төрінде
Ұлт руханиятын дәріптеуге бағытталған республикалық экспедиция Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне барып, тағылымды кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 22 Сәуір, 2025
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
«Ұлттық сейсмологиялық бақылау орталығы» сейсмикалық стансалар желісі 22 сәуірде шамамен 06:30-да жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2025
Елімізде 14 мыңдай шетелдік жұмыс істейді
1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен жалпы ел аумағында 13 891 шетелдік еңбек етеді екен, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 21 Сәуір, 2025
Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық жасалды
Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов жарақат алып, ауруханаға түсті.
Саясат • 21 Сәуір, 2025
Әкімдерді тікелей сайлау институтын дамыту мәселесі талқыланды
18 сәуір күні Еуразиялық интеграция институтында «IV Ұлттық Құрылтайда айтылған басымдықтар негізінде әкімдерді тікелей сайлау институтын дамыту» тақырыбында «Ашық саясат» сарапшылар клубының отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Сәуір, 2025
Трамп Гарвард университетін федералды қаржыландырудан айыруды талап етті
АҚШ-тың Президенті Дональд Трамп Гарвард университетіне бағытталған күресінің аясында оқу орнына бөлінетін 1 миллиард доллар көлеміндегі қосымша федералды қаржыландыруды тоқтатуды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz FOX News-ке сілтеме жасап.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Қазақстанға келді
Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Сәуір, 2025
Мектептерде профориентологтардың саны артады
Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Counseling as a Culture» тақырыбындағы IC3 халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2025
Әр екінші неке ажырасумен аяқталып жатыр - министр
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елімізде отбасылық-неке қатынастарының дағдарысқа ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 21 Сәуір, 2025
Былтыр Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы елімізге ең көп турист Қытайдан келген. Кейінгі орындарда Үндістан, Түркия, Германия, Оңтүстік Корея мемлекеті тұр. Бұл ТМД мемлекеттерін есепке алмағандағы көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.