ер
Экономика • 21 Сәуір, 2025
Тері мен жүн экспортына кедендік баж салығы салынбайды
Еліміздегі өңдеушілер мен фермерлердің өтініші қолдау тауып ұсақ мал терісі мен жүнін экспорттауға салынған кедендік баж салығы алынып тасталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2025
Ербол Мырзабосынов этноспорттың халықаралық басшылық құрамына енді
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді. Бұл жайында Санкт-Петербург қаласында өткен «Дәстүрлі спорт түрлерін қайта жаңғырту» атты VII Этноспорт форумы барысында Конфедерация президенті Біләл Ердоған ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін ерекше атап өтті
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйледі. Жиында Президент волонтер болу, ең алдымен, нағыз отаншыл азамат болу, яғни, патриот болу екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері
Шолу мағлұмат сала министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2025
Қарағандыда жоғары лауазымды полиция қызметкері қаза тапты
Қарағанды қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Құсайынов қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 21 Сәуір, 2025
«Серпер» ұлттық өнер байқауы қорытындыланды
«Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында I Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауының жеңімпаздары анықталды. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Министрліктер жаңа жұмыс кестесіне көше бастады
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жұмыс уақыты өзгерді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Мәдениет • 18 Сәуір, 2025
Ереванда Қазақстанның мәдени күндері басталды
Бүгін Ереванда Армениядағы Қазақстанның мәдени күндері басталды. Бірлескен іс-шараларды өткізу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдердің нәтижесінде мүмкін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Сәуір, 2025
Емшараға барарда нені ескеру керек
Былтырдан бастап биылғы жылдың I тоқсанына дейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріндегі қызмет көрсету сапасына қатысты ел азаматтарынан 7 өтініш түскен. Тексеріс нәтижесінде лицензиясыз жұмыс істеген емшара кабинеттері мен сертификаты жоқ мамандар анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Көкшетау-Зеренді бағытында үш жолақты жол салынады
Еліміз бойынша алғашқы үш жолақты реверсивті жол осы бағытта салынады. Басты мақсат курортты аймаққа қатынайтын күре жолды кеңейту, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 18 Сәуір, 2025
Түркістанда Алтын орда кезеңінің жәдігері таныстырылды
Түркістанда «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Ерлан Қарин cарапшылармен жиын өткізді
Басқосуды Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Кездесуге Андрей Чеботарев, Алуа Жолдыбалина, Талғат Қалиев, Айгүл Сәдуақасова, Никита Шаталов, Қарлығаш Жаманқұлова, Ғазиз Әбішев, Айгүл Забирова, Нұрбек Матжани, Жанар Санхаева, Әмина Үрпекова секілді белгілі саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Семей жұрты бітімгерлерді қарсы алды
«Абай» әуежайында БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарында қызмет атқарып, бір жылдан кейін елге оралған тұңғыш бітімгерлік контингентін салтанатты қарсы алу рәсімі болды. Әскери қызметкерлерді әуежайдан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов бастаған қарулы күш құрамы мен бітімгерлердің отбасы мүшелері салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Енді жергілікті бюджеттің борышы үшін әкімдер жауап береді
Қазақстанда өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы негізінде жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 18 Сәуір, 2025
Атом саласын дамытудың ұзақ жолы
Еліміз бейбіт атом энергетикасын бұрынғыдан әлдеқайда терең игеруге нақты қадам жасап, игілігіне пайдалануға шешім қабылдады. Негізі қазаққа атом энергетикасы бөтен сала емес. Ақтауда 1973-1999 жылдары әлемдегі алғашқы шапшаң нейтрондағы БН-350 тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторын ойдағыдай пайдаландық. Қазіргі заманауи III+ буынды АЭС отандық ғалым-мамандарға түк те таңсық емес.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына орай ұйымдастырылған «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Қазақстан мен Қытай әскери саланың келешегін талқылады
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чуньлинмен хаттамалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
Әскери қызметші майдангерлерге арнап символдық қашықтыққа жүгірді
Жеңістің 80 жылдығына орай Астана 1 өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімі 1-ші мотоатқыштар ротасының старшинасы 3-сыныпты сержант Тимур Ержанов 80 шақырымға жүгірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Шетелдікке шабуыл жасаған адам өмір бойына сотталуы мүмкін
Меркідегі жанармай құю бекетінде шетелдік мотоциклшіге жасалған шабуылға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Жәбірленушінің адвокаты қылмыстық істің бабына өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2025
Алматыда «Ми құпиялары. Көпсалалы форум» халықаралық жиыны аяқталды
Бүгін Алматыда «Ми құпиялары. Көпсалалы форум» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Сәуір, 2025
Шерзат Болаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды.
Спорт • 17 Сәуір, 2025
Жеңіл атлеттер алғашқы жүлделерін жеңіп алды
Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 17 Сәуір, 2025
Майдангердің жеке заттары музейге табысталды
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, Удмурт Республикасының делегациясы, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері және сарбаздың туыстарының қатысуымен қызыл әскердің жеке заттарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 17 Сәуір, 2025
Оқушылар Еуропалық білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетті
Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан дайындықтары жоғары екенін айғақтады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 17 Сәуір, 2025
Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі онлайн көрсетіледі
Бұл туралы Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Садуакас-Хайруллина әлеуметтік парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 17 Сәуір, 2025
Димаш Құдайберген жақын күндері Алматыға келетінін айтты
Әлемге аты танылған әнші Димаш Құдайберген жақында Stranger концерті еліміздің кинотеатрларынан көрсетіле бастайтынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2025
«Алтын доптан» басты үміткер - Рафинья
Әйгілі Gool басылымы биылғы маусымда Еуропаның ең үздік футболшысына тиеслі «Алтын доптан» басты үміткер ретінде 28 жастағы «Барселонаның» вингері Рафиньяның есімін атап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 16 Сәуір, 2025
Таразда суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті
Тараздаға Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай «Менің әлемім» атты суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2025
Лос-Анджелес Олимпиадасында қандай өзгерістер болады
2028 жылы Лос-Анджелесте алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарында біраз өзгерістер болмақ, деп жазады Egemen.kz.