ер
Қоғам • 10 Сәуір, 2025
Бүгін Шерзат Болаттың ісі бойынша сот отырысы басталады
Талғардағы қайғылы оқиғадан алты ай өткен соң, сәуірдің 10-ы күні сағат 12:00-де Талдықорғанда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты сот процесі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Сәуір, 2025
Қазақстан мен Германия арасындағы байланыс нығайды
Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі екіжақты Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 21-ші отырысында Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және неміс этносын қолдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Сәуір, 2025
Шерзат Болаттың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Сәуір, 2025
Сьерра-Леоне Республикасының СІМ басшысы Қазақстанға келді
Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға алғашқы ресми сапармен келген Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Каббамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Атырау облысында түнде жер сілкінісі тіркелді
Қазақстандық сейсмологтар ошағы Атырау облысында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 09 Сәуір, 2025
Шымкентте алаяқтар жалған тұрғын үй сертификаттарын таратқан
Аймақта алаяқтар баспана алуға көмектесуге уәде беріп, тұрғын үй сертификаттарын таратқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Сәуір, 2025
Президент Вера Сидорованың отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Сәуір, 2025
Жиені нағашы апасының атына 11 несие рәсімдеген
Адамды аяуды білмейтін алаяқтық туралы бұқаралық ақпарат құралдарында күн құрғатпай жазылып жатқанымен, сақтықты ұмытқандардың саны азаяр емес. Ақмола облысы тұрғыны электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы жасалған алаяқтықтың құрбаны болды. Өзінің ет жақын туысы оның атына 11 несие рәсімдепті.
Қоғам • 09 Сәуір, 2025
Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдау күшейеді
Ерекше қажеттіліктері бар жастарды қоғамдық өмірге тарту маңызды. Олардың өмірден өз орнын табуына барынша жағдай жасалуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Сәуір, 2025
Құрылыста заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды
Павлодар облысы аумағындағы ауылдық мектептердің бірінде 6 шетелдік құрылыс жұмыстарын атқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2025
Үкімет ҚҚС шегін 40 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды
Үкімет депутаттардың қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін арттыру туралы ұсынысын қабылдады. Жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығының шегі 40 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 09 Сәуір, 2025
Үш ауысымды мектептер 3 есе азайған
2023, 2024 жылдары 510 мың орынға арналған 422 мектеп салынуы – 100-ге жуық үш ауысымды білім ұяларын ғана емес, 200-ден астам мектепте орын тапшылығын жоюға мүмкіндік берген, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 08 Сәуір, 2025
Сьерра-Леоне Республикасының СІМ басшысы Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға алғашқы ресми сапармен келген Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Каббамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 08 Сәуір, 2025
Ермек Тұрсыновтың «Мамлюк» романы литва тілінде жарық көрді
Вильнюстегі Адам Мицкевич атындағы қоғамдық кітапханада белгілі қазақстандық кинодраматург және режиссер, жазушы және қоғам қайраткері Ермек Тұрсыновтың «Мамлюк» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz obzor.lt.порталына сілтеме жасап.
Үкімет • 08 Сәуір, 2025
Үкіметте бизнес саласындағы негізгі мәселелер талқыланды
Үкімет аппаратында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Сәуір, 2025
Дирижер Маралжан Мырзақұлова өмірден өтті
Суыт хабарды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Сәуір, 2025
Құрылыс материалдарының бағасы өсті
Құрылыс материалдарының баға индексі ақпан айымен салыстырғанда өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 08 Сәуір, 2025
Мемлекет меншігіндегі пайдалы қазбаларды заңсыз пайдаланғандар жазаланды
Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ЖШС-нің бірі кең таралған пайдалы қазбаларды (карьерлерді) өндіру үшін ауданы 3,7 га жер учаскесін өз бетінше пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Сәуір, 2025
Көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
Осыдан біраз уақыт бұрын көркем гимнастикадан қазақтың атақты спортшысы Әлия Юсупова Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлік қызметінен өз еркімен босатылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Сәуір, 2025
Жол бойындағы сервисті жақсарту міндеттелді
Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2025
Рудныйдағы балалар орталығынан қашып кеткен екі жасөспірім табылды
Кеше Рудный қаласындағы «Ерекше білім беру қажеттілігі бар отбасыларды қолдау орталығы» мекемесінен рұқсатсыз шығып кеткен 15,17 жастағы екі жасөспірім бүгін аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 08 Сәуір, 2025
Ұлттық парктерге кіру жүйесін цифрландыру қажет - министр
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Оның негізгі міндеті – тау туризмін дамыту, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғат • 08 Сәуір, 2025
Солтүстік Америка жер түбіне жұтылып барады
АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетінің ғалымдары Солтүстік Америка материгінің жер тақтасы мантияға қарай баяу жақындап бара жатқанын анықтады. Бұл туралы Nature Geoscience ғылыми журналы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Сәуір, 2025
«Жеңіске 100 күн» акциясы аясында батырлардың рухына тағзым етілді
Қарулы күштер ардагерлерінің бастамасымен 1 Кеңсай мен Орталық зиратта жерленген екінші дүниежүзілік соғыс батырлары қабірлерінің басында іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Жетісу облысында жасөспірім 86 жастағы қарияны аяусыз ұрған
Желіде тағы бір жасөспірімнің қарт адамды соққыға жыққаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Жасанды интеллектінің әлеуметтік-еңбек қатынастарына әсері талқыланды
Бүгін Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының Орталық кеңсесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов, ҚР Кәсіподақтар федерациясы басшылығының өкілдері және салалық кәсіподақтардың төрағалары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамға қатысты сот отырысы басталды
Бүгін Түрксіб аудандық сотында 67 жастағы Машрапбек Баратовқа қатысты сот процесі басталды. Ол 2024 жылдың 7 наурызында Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқытып, сөмкесінде бомба барын айтқан еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Сәуір, 2025
Шұғыл медицина орталығы бірыңғай базалық алаңға айналады
Бүгін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) базасында түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің арасында Шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Іс-шараға ТМҰ елдерінің денсаулық сақтау министрлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2025
Атырау тұрғындарына жер телімін беру уақытша тоқтап тұр
Атырау қалалық әкімдігі кезектегі тұрғындарға жер телімін беруді уақытша тоқтатты. Мақсат – жеке тұрғын үй құрылысы үшін дайындалған жер учаскелеріндегі инженерлік желілерді ұрлаудың алдын алу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Сәуір, 2025
Қ.Тоқаев Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.