ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ORHUN MEDICAL ЗАМАНАУИ ОБЫРДЫ ЕМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫН АШУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
Медицина • 04 Қараша, 2024
Обырды емдеу орталықтары ашылады
Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркияның «Orhun Medical» компаниясы онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін емдеу мен диагностиканың сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ауқымды жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.