Семей қаласындағы «Спартак» стадионы УЕФА-ның екінші санатын алды
<p>2026 жылғы 19 сәуірде жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша Семей қаласындағы «Спартак» стадионына УЕФА-ның екінші санаты берілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Осылайша, стадион УЕФА Конференциялар лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңдерінің матчтарын өткізуге рұқсат алды.
Тексеру нәтижесінде арена УЕФА-ның екінші санатына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні расталды. Дегенмен бірнеше ескертулерді ретке келтіру үшін қосымша уақыт берілді.
Астанадағы Мұңайтпасов атындағы стадион 4 маусымда ашылады
Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жанкүйерлерге арналған көру аймақтарының қолжетімділігін жақсарту, командалардың бой қыздыратын аймақтарын жабдықтау, стадион аумағын құрылыс қалдықтары мен тастардан тазарту, жекелеген баспалдақ өткелдерін қайта бетондау, сондай-ақ санитарлық тораптар санын белгіленген нормативке дейін арттыру ұсынылды.
«Қайсар» стадионы УЕФА тарапынан жоғары бағаланды
УЕФА-ның екінші санатын алу «Спартак» стадионының халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдау мүмкіндігін кеңейтеді.
