Спорт • Бүгін, 14:25

«Қайсар» стадионы УЕФА тарапынан жоғары бағаланды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы «Қайсар» стадионы ашылғанына жарты жыл өткен соң УЕФА инспекторы тарапынан тексеруден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайсар» стадионы УЕФА тарапынан жоғары бағаланды

Футбол клубы баспасөз қызметінің хабарлауынша, инспектор стадионның халықаралық матчтарды өткізуге әлеуеті бар екенін атап өтіп, оны соңғы 15 жылдағы тексерілген ареналардың ішіндегі сапалы нысандардың бірі ретінде бағалаған.

 Бразилияда әлем чемпионаты кезінде стадион өртенді: Спортшылар аман ба?

Қазіргі кезеңде стадион үшін келесі қадам – УЕФА-дан ресми санат алу. Айта кетейік, 11 мың орындық жаңа «Қайсар Арена» 2025 жылдың 4 қазанында ашылып, Қазақстан кубогі финалы аясындағы «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) матчымен тұсауы кесілген болатын.

 Орталық Азиядағы ең үлкен стадион құрылысының 80 пайызы дайын

Алайда 2026 жылдың қаңтарында белгілі болғандай, стадион әлі күнге дейін УЕФА-ның халықаралық матчтарға рұқсат беретін ресми категориясын алмаған.

 

Соңғы жаңалықтар