Туризм
2 мин оқу 40

Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?

<p><strong>Қазақстан халықаралық туристік нарықтағы позициясын нығайтып келеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту индексінде еліміз 2019 жылғы 80-орыннан 2024 жылдың қорытындысы бойынша 52-орынға көтеріліп, 5 жылда 28 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?

Қазақстанда 2026 жылдың I тоқсанында орналастыру орындары 2 млн-ға жуық адамға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық (69 млрд теңгеден астам).

2025 жылдың қорытындысы бойынша туризмнің ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) үлесі 3,1%-ды (5 трлн теңге) құрады. Салық түсімдері 18%-ға өсіп, 630 млрд теңгеге жетті. Шетелдік туристердің шығыны 2,9 млрд долларға жетті.

2025 жылы туризм салаға салынған инвестиция 33%-ға артып, 1,3 трлн теңгені құрады.

Туризмге серпін берген бастамалар

Ішкі туризм саланың негізгі қозғаушы күшіне айналды. 2026 жылдың I тоқсанында отандық туристер саны 3,6%-ға өскен. Үздік өңірлер ретінде Алматы (472,9 мың адам), Астана (352,2 мың) және Ақмола облысы (161,1 мың) айқындалып отыр.

Туристердің шамамен 40%-ы (800 мыңнан астам адам) демалыс (курорттық) аймақтарын таңдаған.

Еліміздің туризм саласында жалпы 600 мыңнан астам адам (елдегі жұмыспен қамтылғандардың 7%-ы) еңбек етіп жүр.

Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетті

Сала «Туристік саланы дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында дамып келеді.

2026 жылдың наурызында енгізілген заңнамалық түзетулер бойынша:

– туристік автобустар үшін шекарадан тез өтуге мүмкіндік беретін «жасыл дәліз» енгізіліп жатыр;

– 18 жасқа дейінгі балалар үшін ұлттық парктерге кіру тегін болды;

– гидтер мен визит-орталықтардың қызметі заңмен реттелді.

Айта кеткен жөн, бүгінде Қазақстанда 84 елдің азаматтарына визасыз режим қолданылады. Халықаралық әуе қатынасы 30 мемлекетті қамтиды (аптасына 135 бағыт бойынша 626 рейс).

Бөлісу: