Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 40

Ақтөбеде танысын бейнежазбаларды таратамын деп бопсалаған күдікті қамауға алынды

<p><strong>Ақтөбе қаласының тұрғыны танысының үстінен полицияға арыз түсірді. Ол ер адамның өзінің келісімінсіз түсірілген бейнежазбаларын таратамын деп қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп жүргенін хабарлаған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақтөбеде танысын бейнежазбаларды таратамын деп бопсалаған күдікті қамауға алынды

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Күдікті көршілес облыстың 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды

Аталған факті бойынша жеке өмірге қол сұғушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ күдіктінің өзге де заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеруге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Полиция азаматтарға жеке өмірге қатысты мәліметтерді тарату немесе оларды «таратамын» деп қорқыту заңға қайшы әрекет екенін және ол үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Осындай жағдайларға тап болған жағдайда дереу полиция органдарына хабарласу қажет», делінген ақпаратта.

Құны 17 миллиондық көлігін алып қойған: Талғарда ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Бұған дейін Алматыда ұйымдасқан топ шағын және орта бизнес нысандарын толық бақылауға алу мақсатында ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне физикалық және моральдық қысым көрсеткен.

Еске сала кетейік, Астанада екі ер адам құрылыс компаниясының басшысынан ақша бопсалады деген күдікпен қолға түсті. Полиция мәліметінше, олар екі апта бойы кәсіпкерге қысым көрсетіп, ақша талап еткен.

Бөлісу:
Ақтөбеде танысын бейнежазбаларды таратамын деп бопсалаған күдікті қамауға алынды · Egemen Qazaqstan