Әйгілі режиссер алаяқтығы үшін түрмеге қамалды
<p>АҚШ-та «47 ронин» фильмінің режиссері әрі сценарисі Карл Ринш алаяқтық дерегі бойынша айыпталып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың желтоқсанында алқабилер Карл Риншті «Жаулап алу» (Завоевание) ғылыми-фантастикалық сериалын түсіруге бөлінген 11 миллион долларды алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп таныған.
Тергеу мәліметінше, режиссер алынған қаржының бір бөлігін криптовалютаға, оның ішінде Dogecoin-ге инвестициялаған. Сондай-ақ қымбат автокөліктер, жиһаз және интерьер заттарын сатып алған.
Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Сотта Карл Ринш өз кінәсін мойындап, қателік жібергенін айтты. Сот режиссердің психикалық денсаулығына қатысты жазаның жеңілдетілетінін мәлімдеді.
Іс барысында актер Киану Ривздің сотқа жолдаған хаты да қаралды. Ол 2019 жылы Карл Риншке кәсіби психиатриялық көмек ұйымдастыруға тырысқанын, алайда режиссер одан бас тартқанын жазған.
Сот шешімімен Карл Ринш 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, Netflix компаниясына 11 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.
Еске сала кетейік, бұған дейін америкалық режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы Мишель Сингер Райнердің өліміне қатысты күдікпен 32 жастағы ұлы Ник Райнер қамауға алынған болатын.
