Жобаға әлемге әйгілі актер Джеки Чан қатысады.
Кинокартинаға арналған алғашқы кадрлар Маңғыстау өңіріндегі ерекше табиғи ландшафттарда түсірілген. Негізгі түсірілім локацияларының бірі – ерекше пейзажымен танымал Бозжыра шатқалы болмақ.
Джеки Чан, Геннадий Головкин және Михаил Шайдоров Миланда кездесті
Фильмнің режиссері – бұған дейін отандық тележобалар арқылы танылған Роберт Кун. Жоба «Доспехи Бога: Ультиматум» атауымен түсіріліп жатыр.
Еске сала кетейік, Джеки Чанның елімізде кино түсіретінін алғаш болып фильмнің сценарисі Рүстем Омаров хабарлаған болатын. Актер жағымды жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен еді.