Қақтығысқа қатысушы тараптар бір-біріне соққы жасауды жалғастырып жатыр. Соның салдарынан Brent маркалы мұнайдың фьючерстік бағасы бір тәулікте 1 долларға қымбаттап, барреліне 79 доллардан асты. Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы қазір барреліне 74 доллар деңгейінде саудаланып жатыр.
Мұнайдың қымбаттауы әлем тұрғындары үшін коммуналдық шығындардың артуына әкелуі мүмкін. Атап айтқанда, қыс мезгілінде газ бен электр энергиясының төлемдері өсуі ықтимал.
Сонымен қатар жанармай құю бекеттеріндегі бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасының да қымбаттау қаупі сақталып отыр. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды.