Денсаулық •

АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупі 2%-ға дейін төмендеді

3 мин
оқу үшін

Алматыда соңғы бір жарым жылда АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Мұндай нәтиже тегін медициналық көмектің мемлекеттік кепілдіктері шеңберінде асқындырмай, дер кезінде ем-дом бастаудың арқасында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупі 2%-ға дейін төмендеді

Фото: Алматы қалалық ЖИТС орталығының баспасөз қызметі

«Медициналық көмектің қолжетімділігі мемлекеттік саясаттың сөзсіз басым бағыты ретінде қала береді. АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау мен емдеу ТМКМК-ке кірсе, соның ішінде жүкті әйелдерге ерекше назар аударылады. Елде әрбір жүкті әйел АИТВ-ға жоспарлы тестілеуден екі рет өтеді. Бұл инфекцияны уақтылы анықтауға және емдеуді дереу бастауға мүмкіндік береді», дейді Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Түкеев.

АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған

Диагнозды растаған кезде әйелге жеке таңдалған заманауи антиретровирустық терапия тегін тағайындалады. Уақтылы емдеудің арқасында АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупі бүгінде 0-2%-ға дейін төмендеді.

Баланың денсаулығына қамқорлық өмірдің алғашқы минуттарынан басталады. Жаңа туған нәрестеге дереу профилактикалық емдеу тағайындалады, содан кейін ол бір жарым-екі жасқа толғанға дейін ЖИТС орталығының мамандарының бақылауында болады. Бір жасқа дейінгі баласы бар отбасылар алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары арқылы сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз етіледі.

Шымкент тұрғындары жыл сайын АИТВ-ға тексеруден өтеді

Осы кезеңде бала АИТВ-ға бірнеше рет тексеруден өтеді. Егер 18 айға дейін барлық талдаулардың нәтижелері теріс болып қалса, ол диспансерлік есептен алынады. Бұл баланың сау екенін білдіреді.

Әрбір осындай оқиға, АИТВ-инфекциясының алдын алу мен емдеудің заманауи әдістерінің тиімділігін айғақтайды. Уақтылы диагноз қою, антиретровирустық терапияның (АРТ) қол жетімділігі мен медициналық ұсыныстарды жауапкершілікпен сақтау арқылы, АИТВ-мен өмір сүретін әйелдер сау бала туады.

Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді

Бүгінде АИТВ-ахуалды жүкті әйелдер тегін АРТ-мен қамтамасыз етілген. Емдеу вирустық ауыртпалықты анықталмайтын деңгейге дейін төмендетіп, балаға жұқтыру қаупін іс жүзінде жоюға мүмкіндік береді.

Алматыда профилактикалық бағдарламалармен, яғни тестілеумен жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің 100% қамтылған. Сонымен қатар 2020 жылдан бастап Алматыда жүкті әйелдердің жыныстық серіктестеріне АИТВ-ға міндетті тексеру жүргізіледі. Бұл шара ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға және ана мен болашақ баланың денсаулығын одан әрі қорғауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, былтыр Батыс Қазақстанда 10 айда 61 адамнан АИТВ инфекциясы анықталған

Соңғы жаңалықтар