Прокурор сот барысында іс бойынша барлық дәлелдер жан-жақты зерттелгенін атап өтті.
«Айыпталушының әрекетінен бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты. Бұл қылмыс тұтас бір әулеттің тағдырына орны толмас қайғы әкелді», деді Мирас Бауыржанов.
Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылдың соңында Жангелдин ауылында болған. Сол кезде отбасының төрт мүшесі – ата-анасы, ұлы мен қызы із-түзсіз жоғалып кеткен. Айыптау тарапының мәліметінше, күдікті өзіне күмән туғызбау үшін туыстары емделуге кетіп қалған деген ақпарат таратқан.
Ақпан айының соңында Сәрсемәлиев жұбайымен бірге Индонезиядағы Бали аралында ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.
Қайта жүргізілген тергеу барысында ол кінәсін мойындап, әйелінің екі бауырының мәйіттері жасырылған орынды көрсеткен.