Әлем •

Конгода Эбола індетінен 580 адам көз жұмды

1 мин
оқу үшін

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусының өршуінен көз жұмғандар саны 580 адамға жетті. Жергілікті биліктің мәліметінше, вирус жұқтырған 1 708 жағдай расталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конгода Эбола індетінен 580 адам көз жұмды

Қазіргі таңда 680 науқас дәрігерлердің бақылауында, ал 280 адам індеттен толық айыққан.

Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында тіркелген.

Конгода Эбола вирусын жұқтырғандар саны 1500-ге жетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) денсаулық сақтау жүйесінің әлсіздігі мен халықтың орын ауыстыруы вирустың таралуын тежеу жұмыстарын қиындатып отырғанын мәлімдеді. Мәселен, Монгбвалу қаласындағы тау-кен кәсіпорындарында вирус жұқтырған кейбір жұмысшылар емделуден бас тартып, басқа өңірлерге кетіп жатыр. Бұл инфекцияның ел аумағында таралуына ықпал етті. 

Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Қазір медицина мамандары 10 мыңнан астам байланыста болған адамды бақылауда ұстап отыр. Жалпы мониторингпен қамту деңгейі 82 пайызды құрайды.

Айта кетейік, Еуропада өте жұқпалы инфекция жаппай тарай бастады.

Соңғы жаңалықтар