Қазіргі таңда Эболадан қайтыс болғандар саны – 473 адам. Бұл алдыңғы күннен 26 адамға көп. Аурудан өлім-жітім көрсеткіші 31,4 пайызға жеткен.
Қазір ауруханалар мен оқшаулау бөлімдерінде 628 науқас ем қабылдап жатыр. 213 адам толық сауығып шыққан. Науқастармен байланыста болған адамдарды бақылау көрсеткіші 81,8 пайызды құрайды. Эбола жұқтырғандармен байланыста болған 11 360 адам медициналық бақылауға алынған.
Эбола безгегінің қазіргі өршуі 15 мамырда Конго Демократиялық Республикасының шығысында және Угандада басталды. Ауру ошағы Конгоның Итури провинциясында орналасқан.