Саясат •

«Байтақ» жасылдар партиясы сайлауға 51 кандидат ұсынды

1 мин
оқу үшін

Астанада «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының кезектен тыс V съезі өтті. Партия алдағы сайлауға 51 кандидат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Байтақ» жасылдар партиясы сайлауға 51 кандидат ұсынды

Фото: «Байтақ» жасылдар партиясы

Жиында партияның жаңартылған «Қазақстан – өмір сүруге қолайлы ел» атты сайлауалды платформасы қабылданды.

Партия тізіміне енгендер қатарында 6 жас, 2 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. 

Партияның мәліметінше, қазіргі таңда кандидаттардың екеуі мәслихат депутаты, ал 5 адам бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер болған.

Партия өкілдері мұндай құрам экология, экономика, құқық, білім беру және мемлекеттік басқару салаларындағы тәжірибесі бар мамандарды біріктіретінін атап өтті. Олардың айтуынша, бұл қоғамның түрлі әлеуметтік және кәсіби топтарының мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Ауыл» партиясы 69 кандидатты ұсынса, «Ақ жол» партиясы 63 кандидатты жариялады. Қазақстан Халық партиясы 72 кандидаттан тұратын тізімін бекітсе, Respublica партиясы 76 кандидатын ұсынды. Сондай ақ ЖСДП 33 кандидаттың тізімін бекітті.

Соңғы жаңалықтар