Сайлау •

Үміткерлер тізімі бекітілді

3 мин
оқу үшін

Елордада Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) кезектен тыс ХХV съезі өтті. Ауқымды форумда 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған сайлауалды саяси бағдарлама ресми түрде бекітіліп, 72 үміткерден тұратын партиялық тізім мақұлданды, сондай-ақ Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды.

Үміткерлер тізімі бекітілді

Елдің барлық өңірінен келген делегаттар алдында ҚХП төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов бағдарламалық баяндама жасап, әділ саясатты ұлттық домбырамен теңестірді: домбырада жалған ойнау мүмкін емес, өйткені халық жалғандықты бірден сезеді.

«Халқымыз үшін жаңа кезең басталды. Жаңа Конституция қабылданды. Бұл құжат бүгін де, болашақта да халыққа қызмет етуге тиіс. Оған біздің партияның қосқан үлесі зор», деді ол.

ҚХП төрағасы партияның ұстанымы өзгеріссіз қалатынын атап өтті: еліміздің табиғи байлығы, ең алдымен, оның азаматтарының әл-ауқатына жұмыс істеу керек. Әлеуметтік басымдықтар – есеп берудің құрғақ тармақтары емес, нақты істермен дәлелденген күнделікті тәжірибелік жұмыс. Бұған су тасқыны зардаптарын жою, аналарды қолдау, ерекше балалары бар отбасыларға көмектесу және еңбек адамының құқықтары үшін қатаң күрес дәлел бола алады.

Съезде таныстырылған сайлауалды платформа делегаттар мен кәсіби қоғамдастық тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Бағдарламаны талқылау блогінде танымал сарапшылар сөз сөйледі. Білім саласының маманы Лейлә Күленова бағдарламаның мектепке дейінгі және мектептегі білім беруге баса назар аударуы – елдің әрбір ауылы мен
аудан орталығындағы нақты жағдайға негізделген өте қуатты стратегиялық қадам екенін мәлімдеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры Серік Беркамалов адам капиталы мен еңбек адамын қорғау мәселесі ҚХП-ның жаңартылған платформасының негізіне айналғанын атап өтті.

72 үміткерден тұратын пар­тиялық тізімнің сапасына ерекше мән берілді. Оның құрамына азаматтардың мүдделерін ашық қорғауға дайын, өз саласының білікті мамандары: заңгерлер, экономистер, мұғалімдер, дә­рі­герлер, сондай-ақ беделді қо­ғам­дық пікір көшбасшылары кірді. Мінберден танымал қоғам қайраткері Ирина Смирнова мен әнші Аша Матай командаға өз қолдауын білдірді.

Съезд барысында партияның Саяси кеңесінің құрамы толық жаңартылып, оның стра­те­гиялық міндеттері таныстырылды. Төраға Н.Шоқанов ұрпақтар сабақтастығына ерекше тоқталып, көрнекті мемлекет қайраткері Ермұхамет Ертісбаевқа принципшілдігі, қайсар мінезі мен бірегей саяси мектеп қалыптастырғаны үшін алғысын білдірді. Съезд соңында Венера Нигматуллина мен Тамара Асардың бағдарламалық үндеулері тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:15

Холанн ширек финалда ойнайды

Футбол • Бүгін, 09:10

ҰБТ үздігі

Білім • Бүгін, 09:05

Заманауи спорт орталығы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Күй құдіреті ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 08:55

Астананың ата толғауы

Қоғам • Бүгін, 08:48

Адамзат асқарындағы ақын

Тұлға • Бүгін, 08:45

Жастар жүрегіндегі шаһар

Өнер • Бүгін, 08:43