195 шетелдік елден заңсыз жанармай әкетпек болған
<p><strong>Елімізде жыл басынан бері қосымша отын бактарын заңсыз орнату арқылы жанар-жағармайды заңсыз әкетуге қатысты 255 құқықбұзушылық фактісі анықталды. Олардың ішінде 195 шетел азаматы бар. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ведомствоның мәліметінше, анықталған құқықбұзушылардың 195-і – шетел азаматтары болса, 60-ы – ел азаматтары. Заң талаптарын сақтамаған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктеріндегі заңсыз орнатылған бензин бактары бөлшектелген.
Қырғызстан билігі жанармай тапшылығына байланысты Қазақстаннан көмек сұрады
ІММ мәліметінше, мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерінің маңында 59 полиция бекеті жұмыс істеп тұр.
«Жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетуге бағытталған кез келген әрекет дер кезінде анықталып, жолы кесіледі. Азаматтар мен жүк тасымалдаушыларды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырамыз», делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Ресей билігі жанармай бағасына қатысты деректерді жариялауды тоқтатты
Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев елімізде жанармай тапшылығының қаупі жоқ екенін, алайда жанар-жағармайдың заңсыз сыртқа шығарылуына жол бермеу үшін бақылау күшейтілетінін мәлімдеген болатын.
