Фото: istockphoto.com
Вице-министр қазіргі таңда көлік құралдарының Қазақстан аумағына бір реттен артық кіруіне шектеу қоятын бұйрық күшінде екенін айтты. Сонымен қатар ол Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарындағы жағдай Қазақстандағы жанар-жағармай нарығына әсер етпейтінін атап өтті.
«Елімізде қажетті жанар-жағармай қоры жеткілікті қалыптасқан. Сондықтан халық үшін жанармай тапшылығы қаупі жоқ», деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету және жанар-жағармайдың заңсыз сыртқа шығарылуына жол бермеу бағытындағы бақылау шаралары жалғасады.
Қырғызстан билігі жанармай тапшылығына байланысты Қазақстаннан көмек сұрады
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Орынбор қаласындағы газ өңдеу зауытына украиналық дрондар шабуыл жасаған болатын. Энергетика министрлігі газ инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандығын айтып, жағдай бақылауда екендігін мәлімдеген еді.
Бектенов: Елде бензин, дизель және авиациялық отын қоры 1 млн тоннадан асады
Кейінірек БАҚ беттерінде Ресей Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Энергетика министрлігі Ресей тарапынан ресми өтініш түспегенін мәлімдеді.