Фото: magnific.com
Mathrubhumi.com порталының мәліметінше, оқиға отбасының үйінің маңында болған. Иттердің ұзақ әрі мазасыз үргенін естіп, сыртқа шыққан әйелдің соңынан 8 жасар немересі де еріп шыққан. Кенеттен қабылан шығып, әуелі иттердің біріне шабуыл жасаған. Әйел сасып қалмай, жерде жатқан ағаш кесегін алып, қабыланды қуып жіберуге тырысқан. Осыдан кейін жыртқыш әйелге тап берген. Қорқып кеткен бала әжесінің артына тығылып тұрған, ал әжесі қабыланмен арпалысуды жалғастырған. Ақыры қабылан шегініп, қашып кеткен.
Осылайша әйел немересін аман алып қалды. Алайда өзі ауыр жарақат алған. Көршілері оған алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның қолы сынғанын, басынан жарақат алғанын және денесінің бірнеше жерін қабылан тістегенін анықтады.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында жыртқыш жануардың адамдарға шабуылы салдарынан бірнеше тұрғын медициналық көмекке жүгініп, бір адам ауруханада ем қабылдап жатқаны туралы хабарлаған едік.