Үкімет •

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте газ саласын дамыту мәселесі қаралды

1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері қаралды. Онда ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету ұзақ мерзімді жоспарлауды, ресурстық базаны кеңейтуді және стратегиялық жобаларды уақытылы жүзеге асыруды талап ететіні атап өтілді, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте газ саласын дамыту мәселесі қаралды

Фото: Үкімет

«Мемлекет басшысы экономиканың орнықты дамуы үшін заманауи энергетикалық инфрақұрылым, ішкі нарықты энергия ресурстарымен сенімді түрде қамтамасыз ету және стратегиялық инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыру қажет екенін әрдайым атап көрсетеді. Бұл міндеттер толығымен газ саласына да қатысты. Себебі ішкі тұтыну көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Өткен жылы 20 млрд текше метрге жетті. Президент қойған міндеттерге сәйкес, Үкімет газ саласын дамытудың кешенді және Перспективалы жаңа кен орындарын игеру жоспарларын бекітті», деп атап өтті Премьер-министр.
Жиында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «QazaqGaz» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасайды.
 
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанда ауқымды инфрақұрылымдық құрылыстарды қарқынды жүргізу қажет екенін айтты. Президент өз сөзінде «аймақтағы мұнай-газ өндіретін жетекші мемлекет ретінде мықты инфрақұрылым қалыптастыруымыз қажет» деп атап өтті.
Соңғы жаңалықтар