Футбол •

Роналдудың бұрынғы бапкері Португалия құрамасын жаттықтыруы мүмкін

1 мин
оқу үшін

Португалия футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тәжірибелі маман Жорже Жезушті тағайындауы мүмкін. Команда әлем чемпионатынан елге оралған соң тараптар келісімшарт талаптарын талқыламақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Роналдудың бұрынғы бапкері Португалия құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Фото: sport24.ru

Португалиялық A Bola басылымының мәліметінше, елдің футбол федерациясының президенті Педру Проэнса ұлттық құраманы 71 жастағы Жорже Жезушке сеніп тапсыруды жоспарлап отыр.

Тәжірибелі маман соңғы маусымда Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубын жаттықтырған. Қазір «Әл-Наср» сапында португалдық ойыншылар – Криштиану Роналду мен шабуылшы Жоау Феликс өнер көрсетеді.

Бельгия АҚШ құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты

Егер келіссөздер сәтті аяқталса, Жорже Жезуш Португалия құрамасын 2028 жылғы Еуропа чемпионатына дайындайтын жаңа бас бапкер атанбақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес әлем чемпионатында Испаниядан жеңілгеннен кейін қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Турнирдің 1/8 финалында оның шәкірттері Испанияға 1:0 есебімен есе жіберді. Осы ойыннан соң Испания әлем чемпионатында алты матч қатарынан гол жібермеген алғашқы команда атанды. 

Соңғы жаңалықтар