Үкімет •

Ерлан Ақкенженов: Елімізді газдандыру деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр

1 мин
оқу үшін

Президенттің Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстанда өңірлерді газбен қамту жеделдетіледі. Халықты қамту деңгейі 2035 жылға қарай 80%-ға дейін жетпек. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Ақкенженов: Елімізді газдандыру деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр

Фото: istockphoto.com

Оның айтуынша, бүгінде еліміздің газбен қамтылу деңгейі – 64,2%, табиғи газға 13,1 млн адам қол жеткізген. Биыл газ тасымалдау жүйесін дамыту 40 жоба аясында жалғасады, оның ішінде 7-сі бұрыннан бар және 33-і жаңа жоба. Еліміздің солтүстігін көгілдір отынмен қамтамасыз етудегі негізгі қадам – Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» ЖАҚ арасында «Есіл – Астана» магистральдық газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойылғаны. Жоба Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын газбен тұрақты жабдықтауға кепілдік береді, сондай-ақ еліміздің солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік пайда болады.

«Елімізді газдандыру деңгейін 2035 жылға қарай 64,2%-дан 80%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша газ транзиті – 70,4 млрд текше метр, 2026 жылға арналған жоспар – 73,3 млрд текше метр. 2026 жылдың 5 айындағы нақты көрсеткіш 30,3 млрд текше метрді құрады», деді министр.
Айта кетейік, Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері қаралды.
Соңғы жаңалықтар