Әлем
1 мин оқу 55

Газа секторында бір аптада 18 мыңнан астам адам жұқпалы ауруға шалдықты

<p>Газа секторында соңғы бір апта ішінде тыныс алу жолдары мен тері ауруларының шалдыққан адамдар саны 18 мыңнан асты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Газа секторында бір аптада 18 мыңнан астам адам жұқпалы ауруға шалдықты

БҰҰ мәліметінше, науқастардың басым бөлігі желшешекпен, паразиттік және бактериялық инфекциялармен ауырған. Апта ішінде дәрігерлер шамамен 240 мың медициналық тексеру жүргізген.

Израиль Газаға соққы жасады: 3 адам қаза тапты

Алайда аймақта дәрі-дәрмек пен медициналық материалдардың тапшылығы, сондай-ақ жанармай бағасының қымбаттауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкіндігі шектеулі күйінде қалып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Израиль енгізген блокада мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі салдарынан гуманитарлық қиындықтарға тап болып жатқанын хабарлады.

Конгода Эбола вирусын жұқтырғандар саны 1500-ге жетті

Осыған байланысты БҰҰ халықаралық гуманитарлық құқық талаптарына сәйкес Газа секторы тұрғындарына гуманитарлық көмекті күшейтуге шақырды.

Бұған дейін БҰҰ Конгодағы Эбола дертінің күшейіп бара жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын. Соңғы деректерге сүйенсек, елде Эбола вирусының өршуінен көз жұмғандар саны 580 адамға жеткен.

Бөлісу: