Digital • 22 Қаңтар, 2025
eGov.kz порталын пайдаланушылар көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы енді онлайн ала алады.
Басылым • 22 Қаңтар, 2025
Жуырда облыс орталығында белгілі қаламгер, Президент сыйлығының лауреаты Айтбай Сәулебектің «Толғауы терең Тоқсан би» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Автордың бұл еңбегі – Солтүстік Қазақстан өңірінен жазған 5-кітабы. Бұған дейін «Ұлы Мағжан елінде», «Тайынша тарихы», «Тәуелсіздік сақшылары», «Ақындардың атасы» (Шал ақын ауданынан) кітаптарын шығарды.
Руханият • 22 Қаңтар, 2025
Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылының табиғатын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Көзбен көріп, жан-жүрекпен сезу қажет. Осы бір алақандай ауылда 37 суретші туып-өсіпті. Соның 17-сі КСРО Суретшілер одағының мүшесі болған екен. Бұл ауылда кіндік қаны тамған ақын-жазушылар мен әнші-күйшілерді һәм ғалымдар мен өнер қайраткерлерін айтып отырғанымыз жоқ. Жоғарыда айтқанымыздың өзі – туған жердің қасиеті туралы сөзіміздің айғағы.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025
Төтенше жағдайға тастүйін дайындық
Облыс әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Келелі кеңесте азаматтық қорғаудың аумақтық күштері мен құралдарының көктемгі ықтимал су тасқынының алдын алу дайындығы, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты эвакуациялау мәселелері қаралды. Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, су тасқынының алдын алу шаралары, қираған нысандарды қайта жаңарту мен жаңғырту жұмыстары талқыланды.
Спорт • 22 Қаңтар, 2025
Шайбалы хоккейден еліміздің қыздар құрамасы әлем біріншілігін (U-18) сәтсіз бастады. Екінші дивизиондағы А тобында өнер көрсететін олар тұсаукесер кездесуде Ұлыбританиядан 1:3 есебімен ұтылды. Енді жерлестеріміз Нидерланд, Жаңа Зеландия, Латвия, Тайпей ойыншыларымен шеберлік байқасады.