Ең қысқа әңгіме • 21 Қаңтар, 2025
Сол жылы әлдебір себеппен Бетпаққа көшпейтін болдық. Жаз жайлауымыз – Қаратаудың бір пұшпағы Қарақұр қойнауының орта тұсындағы Көкбұлақ аумағы болып белгіленген. Кеңшар басшылығы әкемнің өтінішін ескере келіп солай шешіпті... Мамырдың соңғы аптасынан бастап шопандар жаппай Бетпаққа көш түзеді. Мыңғырған малдың аузы мен тұяғынан төл қоралар маңы жылан жалағандай болған соң жұрттың бәрі қоныс аударуға құмбыл. Біз де Көкбұлаққа көшеміз деп етек-жеңімізді жинай бастағанымызда әкем Байдалы: Бала-шаға тауының етегіндегі Жарма тұмаға екі-үш апта аялдаймыз, қозылардың аяқтанғанын күтеміз», деді.
Руханият • 21 Қаңтар, 2025
Тіл білімінің тарландары – академиктер Әбдуәли Қайдар, Рабиға Сыздық, Шора Сарыбай, Өмірзақ Айтбайұлы қазақ тіл білімінің дамуына, оның түркі әлеміне танылуына қомақты үлес қосқанын көзі қарақты көпшілік жақсы біледі. Міне, осынау үлкен тұлғалармен іліктес көрнекті тілші-ғалымның бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2025
Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың қазан айынан бері 71 783 адам жіті респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққан. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.
Спорт • 21 Қаңтар, 2025
Семсерлесуден Бахрейннің астанасы – Манамада өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік сайысында еліміздің жастар құрамасы бас жүлдені олжалады. Жарыс барысында жерлестеріміз Сауд Арабия (45:36), Қытай (45:25), Франция (44:43) құрамаларын ұтты. Жеңімпаз команданың сапында Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин, Кирилл Проходов өнер көрсетті.
Бокс • 21 Қаңтар, 2025
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев былғары қолғабын шегеге ілді. Бұл туралы ұлттық құрама командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.