Сұхбат • 22 Қаңтар, 2026
Тәттім Шәйкен, профессор: Қатерлі дерттің табиғатын анықтап, емдеуге мүмкіндік туды
Техас университетінің адъюнкт-профессоры Тәттім Шәйкен қатерлі ісік биологиясы саласында ұзақ жыл бойы зерттеу жүргізіп келеді. Кейінгі 10 жылда қатерлі аурудың себебін ген деңгейінде ғана емес, сонымен қатар физикалық-химиялық тұрғыдан зерттеп, таяуда жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Ғалымның жаңалығы қатерлі ісікпен қатар басқа да аурулардың себептерін зерттеп, емдеу тәсілдерін әзірлеуге жол ашады. Қазір бұл жаңалыққа әлем ғалымдарының назары ауып отыр. Белгілі ғалыммен Алматыға келген сапарында жолығып, ғылыми зерттеулері жөнінде әңгімелестік.
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Әр тасы тарихтан сыр шертетін Сыр топырағында Қазақ елінің өткені мен бүгінін сараптап, ертеңіне айқын бағдар берген V Ұлттық құрылтай отырысы табысты өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай мүшелері алдында сөз сөйлеп, ел алдында тұрған айтулы міндеттерді айқындап берді. Көпшілік көз тіккен жиынның жетістігі ел аузында жүр. Осыған орай біз бірқатар сарапшыны әңгімеге тартып, отырыс нәтижесіне қатысты бірер сұрағымызды қойған едік.
Жұмыс • 22 Қаңтар, 2026
Жұмыспен қамтуда ілкімділік бар
Былтыр елімізде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 306,2 мың адам тартылды. 912,8 мың азамат жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналастырудың түрлі бағыттары бар.
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы еліміздің тарихи-мәдени мұраларын сақтау мен дәріптеудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Президент ел аумағында танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлердің мол екенін атап өтті.
Баға • 22 Қаңтар, 2026
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру – ортақ міндет
Қосымша құн салығының көтерілуі қоғамда пікір алуандығын туғызып қана қоймай, бастапқы дүрмекпен кей жағдайда қисынсыз қымбатшылыққа да бастайтынын болжау қиын емес еді. Бұл үдеріс бір арнаға түскенше құзырлы мекемелер тарапынан бақылау, қадағалау, реттеу жұмыстары әлбетте қажет. Өйткені өзі ештеңе өсірмейтін мегаполис тұрғындары үшін азық-түліктің бағасын тұрақтандыру ісі аса өзекті.