Руханият • 14 Қаңтар, 2019
Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ: Жеті қазынамызға жете жанашыр болайық
Бурабай баурайында тәуелсіздік мерекесі күніне және жерлесіміз, атақты бүркітші Мәсіп Батырхановты еске алуға арналған «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілген болатын. Екі күн бойы зеңгір көкте қыран қалықтап, жалпақ жонда жүйрік тазы жүйткіп, адам айтқысыз қызық-думанға бөленді. Жеті мемлекеттің өкілі тамсана таңырқаған осы шарада жеті қазынамыздың жанашыры болып жүрген Оралбай Әбдікәрімұлымен жолығып, тілдескен болатынбыз.
Әдебиет • 14 Қаңтар, 2019
Әлемге қадам басқан ұлттық әдебиет
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі. Жоба тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетін, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерін әлемге танытуды мақсат етеді. Соның ішінде, аталған жоба аясында қазіргі қазақ прозасы мен поэзия жинақтарын 6 тілге аудару қолға алынды.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019
Қостанай өңірінде жылына жүрекке 300 ота жасалуы тиіс
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылы Қостанайда және басқа да өңірлік ауруханаларда жүрекке ашық ота жасауды уақытша тоқтатқан болатын. Оның басты себебі мұндай ауыр оталар жоғары техникалық жабдықты талап ететін. 2019 жылы жағдай қайтадан өзгерді.
Таным • 14 Қаңтар, 2019
Көз тиюден қалай сақтануға болады?
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) «көз тиюдің бар екені ақиқат» деген. Көз тиюдің шындық екені халық тәжірибесімен де, ғылыми нәтижелермен де расталған құбылыс. Әйткенмен мына әлемде біз түсініп, түсіндіре алмайтын құбылыстар әлі көп деп жазады islam.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019
Елордада қазақ тілін оқыту курсына қабылдау жалғасып жатыр
Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2019 жылы ересектерге қазақ тілін оқыту курсына тыңдаушыларды тіркеу басталды.